Created with Sketch. Created with Sketch.

Компания

MEGA — Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі ең ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының желісі. MEGA сауда-ойын-сауық орталықтарының құрылысымен және дамытумен Mega Development — Astana Group девелоперлік бөлімшесі айналысады.

Компания

MEGA желісіндегі алғашқы СОО Алматыда 2006 жылдан бастап ашылған. Екінші кезекте MEGA Alma-Ata 2013 жылы пайдаланымға енгізілген. Бір жыл өткен соң MEGA Park өз есіктерін ашқан. Қазірде MEGA Alma-Ata және MEGA Park — елдің іскерлік, қаржы, ғылыми-білім беру, мәдени орталығы — Алматының қала құрушы объектілері. MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығы алғашқы қонақтарын 2017 жылдың наурызында қабылдады. Бірегей сәулетінің және тұжырымдамалық пішімінің арқасында MEGA Silk Way Қазақстан астанасы — Астана қаласының тартылыс орталығына және визит картасына айналды. Әрбір сауда орталығының масштабы және сәулеттік ойы бойынша елдің қала құрылысында ұқсастары жоқ. Кешендер заманауи әлемдік стандарттарға сәйкес құрылған, мегаполистер заманауи тұрғындарының ең жоғары функционалдық және эстетикалық талаптарына жауап береді.

MEGA Silk Way, построен в 2016 году

MEGA Silk Way, 2016 жылы салынған

Қазіргі таңда СОО тұжырымдамалық, әлеуметтік, мәдени, спорттық жобаларымен келушілердің үлкен ағымдарын тартады. MEGA желісі жайлылықты, ыңғайлылықты қамтамасыз етеді және таңғалдыруға тырысады. Сауда-ойын сауық орталықтарда отбасылық демалыс үшін барлық жағдай жасалған: гардероб, бала мен ана бөлмелері, алғашқы медициналық көмек пункттері, сондай-ақ химиялық тазалау орындары, ателье, сән салондары. Әрбір орталықтың өзінің өрт командасы бар. Орталықтағы тәртіпті қауіпсіздіктің меншікті қызметі қолдайды.