Created with Sketch. Created with Sketch.

Еліміздегі ең үлкен кинотеатр MEGA Alma-Ata сауда орталығында ашылады

Самый большой кинотеатр страны откроется в ТРЦ MEGA Alma-Ata

Қазіргі заманға сай мультиплекс Chaplin Cinemas брендімен ашылады. Бұл киножелісі мен MEGA брендінің үшінші біріккен жобасы: Chaplin кинотеатрлары MEGA Park және MEGA Silk Way СОО -да табысты жұмыс жасауда.

Жаңа кинотеатр MEGA Alma-Ata СОО -да Қазақстандағы ең үлкен болмақ. Бұл ауданы 8 570 шаршы метрді құрайтын екі қабатты мультиплекс болады. 15 залда шамамен 2 000 көрермен орналаса алады деп жоспарлануда. Балкон қарастырылған, ол жерде вип-орындары жабдықталады.

Жаңғыртылған мультиплексте қарапайым креслолардың орнына арнайы пуфиктермен және дивандармен балаларға арналған зал, сонымен қатар, 380 отыратын орынға ауданы 700 шаршы метрді құрайтын киноконцерт залы жоспарланған.

Жаңа кинотеатрдың алғашқы бес залы осы жылдың қараша айында ашылады.

— Star Cinema кинотеатры алғашқылардың бірі болатын және 12 жылда ол моральдық тұрғыдан ескірді. Қазіргі таңда оның негізінде 15 залдық кинотеатр құрылатын болады, біз солтүстік бағытқа қарай СОО -на қосымша ғимарат құрмақпыз. Ол ескі кинотеатрмен бірігетін болады, — деді жоба туралы Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.