Created with Sketch. Created with Sketch.

«Жасыл» MEGA Park

Сауда орталығының әкімшілігінде қоқысты бөлек жинау бойынша эко-бастама іске қосылды. Әріптестерімізді мақтан тұтамыз және олардан үлгі алуға шақырамыз!

«Зеленый» MEGA Park

Қоқыстарды бөлек жинауға арналған бокстар сауда орталығының әкімшілігінде орнатылған. Қазір MEGA Park қызметкерлеріне қағаз, пластик, шыны және металл қалдықтарын сұрыптауға және бөлек лақтыруға кеңес беріледі. Кейіннен жиналған қоқыстарды Eco Network компаниясы жинап, кәдеге жаратуға жібереді, ол әдетте қалдықтарды дұрыс және барынша тиімді сұрыптау үшін презентацияларын өткізеді. Мысалы, MEGA Park көптеген қызметкерлері осының арқасында қағазға арналған боксқа кофеден қағаз майлықтарды, чектерді және стақандарды лақтыруға болмайтынын білді (сіз олардың шын мәнінде қағазбен емес, ішінен пластикалық пленкамен жабылған білесіз ғой), ал шыны қалдықтарға арналған боксқа тек мөлдір шынының ғана түсуі керек — түрлі-түсті шыныны Қазақстанда, өкінішке орай, әзірге қайта өңдемейді. Қоқыстың міндетті түрде таза болуы керек: егер сіз пластикке арналған боксқа бір рет қолданылатын тәрелкені лақтырғыңыз келсе, онда тамақ қалдықтарының болмауы керек. Жиналған барлық қағаз, мысалы, Алматыдағы «Карина» зауытына жіберіледі және майлықтар мен дәретхана қағазына өңделеді.
— MEGA Park қызметкерлері бұл бастамаға оң баға берді. Кейбіреулер қоқысты бөлек жинау туралы бұрыннан ойланған, бірақ неден бастау керектігін білмеген, біреулер бұл туралы ештеңе білмеген, бірақ қазір бастаманы қолдауда, — дейді MEGA Park сауда-ойын сауық орталығының Қызметкерлермен жұмыс жасау жөніндегі бөлімнің бастығы Наталья Габисония. — Сонымен қатар, идея кеңінен орын алып және одан әрі тарады: кейбір қызметкерлер енді қалдықтарды үйлерінде де сұрыптайды, көпшілігі пластикалық пакеттерден бас тартып, эко-шоперлерді, сусындарға арналған көп реттік тамблерлерді сатып алып, кеңселерде батареяларды жинауды ұйымдастырды. Негізгі мәселе адамдар осы тақырып туралы көп ақпаратты біле бермейді, бірақ ол пайда болған кезде, көпшілігі қуана қолдайды.