Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA Silk Way BREEAM Awards 2020 марапатына ұсынылды

BREEAM — Еуропадағы ең танымал ғимараттардың, инфрақұрылым жобаларының және аумақтық жоспарлаудың сапасы мен экологиялығын бағалау жүйесі.

Бүгінгі таңда 83 елде 560 мыңнан астам ғимарат пен жоба BREEAM экологиялық құрылысының сертификатына ие болды, ал 2 млн 200 мыңнан астам адам сертификацияға өтініш білдірді.

ТРЦ MEGA Silk Way номинирован на награду BREEAM Awards 2020

2019 жылы маусым айында MEGA Silk Way сауда-ойын сауық орталығы BREEAM In-Use: Part 2 — Building Management халықаралық экологиялық құрылыс сертификатын Excellent (75.4%) рейтингімен алды. Бүгінгі таңда бұл Қазақстандағы осындай деңгейдегі жалғыз ғимарат. Бұл дегеніміз, объект пен оның пайдалану саясаты ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және келушілер мен жалға алушыларға көптеген қажеттіліктерді қанағаттандыруға кепілдік береді.

Ең алдымен, бұл жайлы, қауіпсіз және қолжетімді ортаны қамтамасыз ету, ғимаратты пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау жүйесі, объектінің пайдалану параметрлерін жақсартуға және энергия мен суды тұтынуды азайтуға бағытталған пайдалану бойынша алдын-алу саясаты. Ғимараттың жұмысында тиімді жылыту және желдету жүйелері, қазіргі заманғы жарықтандыру жүйесі, ресурстарды тұтынуды бақылау мен есепке алудың автоматты жүйесі қолданылады.

Сертификаттау кезінде әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының болуы, сондай-ақ денсаулық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың объектіге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін заңнамада талап етілгеннен басқа қосымша шешімдер ескерілді.

ТРЦ MEGA Silk Way номинирован на награду BREEAM Awards 2020
2019 жылдың соңында MEGA Silk Way BREEAM Awards 2020 марапатына ұсынылғандығы белгілі болды. Бүкіл әлем бойынша сертификатталған мыңдаған ғимараттардың тек бірнешеуі ғана байқауға қатысу үшін комиссия мүшелерімен жыл сайын таңдалынады. BREEAM Awards 2020 марапаттау рәсімі Лондонда 2020 жылдың 2 наурызында өтеді