Created with Sketch. Created with Sketch.

Үлкен экран

Жаздың ортасында Алматыда XIV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Кинофестивальдің байқау алаңдарының бірі MEGA Silk Way СОО Chaplin Cinemas кинотеатры болды. Біздің автор Тахмина Кибирова бірнеше конкурстық көрсетілімдерге барды және әлемдік кинофорумның қонақтарымен сұхбаттасты.

Дәстүр бойынша Астанадағы халықаралық кинофестивальға атақты режиссерлер, актерлер, әлемдік кинематографтың жұлдыздары, танымал мәдениет қайраткерлері, сарапшылар мен Еуропадан, Азиядан, Америкадан, Африкадан келген сыншылар жиналды.

Большой экран

Осы жолы ең көп сөз болған Венсан Кассель болды. Айта кетсек, ең танымал француздық актерлердің бірі, «Сезар» сыйлығының иегері Астанаға бірінші рет келіп отырған жоқ. Ол Қазақстанның астанасына бұрын да келген және Кассельдің жанкүйерлермен әр кездесуі - бұл көптеген таңданыс, жалынды сөздер, өнер, өмір, махаббат туралы сұрақтар, қолтаңба қойып беруі туралы сұраныстар мен естелік суреттер.

Венсан Кассель ойнаған «сүйкімді оңбағанның" рөлін сомдаған «Менің патшам» фильмін көргеннен кейін шығармашылық кездесудің Қатысушыларының бірі оның өмірде өзінің кейіпкеріне қаншалықты ұқсастығы туралы сұрады?
«Менің кез-келген рөлімде мен ойнаған кейіпкеріме ұқсаймын, актерлер олар ойнаған кейіпкерден құралады. Мен бірақ, шыны керек, ешқашан банк тонаған емеспін. Бірақ менің кейіпкерімдегі бағалайтын қасиет — ол еркіндік іздейді", — деді Венсан Кассель.

Атақты қонақтардың қатарында фестивальде сербиялық кинорежиссер Эмир Кустурица, ресейлік актриса Равшана Куркова, театр және киноның ресейлік режиссерлары Сергей Пускепалис және Анна Меликян, сонымен қатар, үлкен киноның шыңына жақында шыққан жаңа жұлдыз, 71-нші Канна кинофестивалінде «Айка» фильмінде үздік әйелдің рөлі үшін сыйлыққа ие болған Самал Еслямова да болды.

Конкурстық картиналардың бірін көрер алдында Самал MEGAzine журналының бірнеше сұрағына жауап берді.
— Самал, сіздің ойыңызша, барлық уақытта өнерде әйелдің атқаратын рөлі қандай?
— Негізгі рөлді өнерде махаббат ойнайды деп ойлаймын. Бұл ер адам мен әйелдің арасындағы немесе қоршаған ортаға деген махаббаттың болуы мүмкін. Егер ер адам мен әйел адам туралы айтатын болсақ - біреу басым деп айта алмаймын, бұл теңгерім, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Өмірді жалғастыру үшін олардың бірге болуы қажет.
— Сонымен, осы екеуі отбасын құрады. Сіз үшін отбасы деген не?
— Отбасы — адамның негізі. Шығармашылықты құру үшін аяқта нық тұру қажет, ол үшін отбасының болуы керек: ол ата-ана, әпке-сіңлі, бауырлар және соның салдарынан өзің құратын жанұя. Мен қарапайым отбасынанмын, біз екі әпкелі-сіңліміз. Ата-анамыз көп бала болғанын қалады және біз бауырымыздың болғанын қалайтынбыз. Біздің жанұялық дәстүрлеріміз бар және бос уақытта біз міндетті түрде оны бірге откіземіз. Қазір мен Мәскеуде, ал туғандарым Петропавлда тұрады. Бірақ бүгін ата-анамыз Астанада және біздің бір кешті болса да бірге өткізуге мүмкіндігіміз бар.
— Көбісі «Айка» фильмінің премьерасын асыға күтуде. Ол қашан үлкен экранға шығады?
— Премьерасы 2018 жылдың қыркүйек айында өтеді.
— Беделді сыйлықтың иегері ретінде, жетістік толқынында жүрген адам ретінде MEGAzine оқырмандарына жақсы тілек айтсаңыз.
— Мен әрқайсысына бақыт тілеймін. Сізге қымбат барлық адамдар қасыңыздан табылып, аман-есен және денсаулығы мықты болсын. Балалар, сауда орталығында серуендейтін және өздеріне әдемі киім таңдайтын ата-ана көп болсын. Бірақ ең әдемі киім — бұл бақыт, барлығымыз сол негізгі - бақытқа оранып жүре берейік.

Большой экран

фото: Серикжан Ковланбаев