Created with Sketch. Created with Sketch.

Өзіміздің адамдар: MEGA -да ұсынылған қазақстандық брендтер

Кез-келген жаңа бастаушы бренд ритейлге шығып, шынымен халықтық белгіге айналуды армандайды. Біз соған қолжеткізген 8 қазақстандық компанияларды жинадық - олардың дүкендері Алматы және Астанада MEGA сауда ойын-сауық орталықтарының желісінде орналасқан. «Отандық өндірушіні қолдайық» ұранын шындап қабылдайтындар үшін.

Свои люди: казахстанские бренды, которые представлены в MEGA

KRAVETS
MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы, 1 MEGA, 2-нші қабат

Алматылық фэшн-дизайнер Михаил Кравец өзінің сән үйінің негізін 2009 жылы қалады. Осы сауда белгісінің ДНҚ - өзіндік, әсемдік, функционалдық, ал әр үлгісінің ерекшелігі - мүсінге мінсіз отыруы мен шеберлікпен тігілуі. Жаңа топтамалар KRAVETS дүкенінде әр апта сайын пайда болуда, сонымен қатар, сатып алушы қыздарды үнемі 70−80% дейінгі жақсы жеңілдіктермен қуантуда.
Баға саясаты: жилеттер — 11 000 теңге, көйлектер — 15 000 теңгеден бастап, костюмдер — 30 000 теңгеден бастап.

Свои люди: казахстанские бренды, которые представлены в MEGA

Hey Baby!
MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы, 2 MEGA, 1-нші қабат
MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, 2-нші қабат


Hey Baby! деген жалынды атауы бар компания бірнеше жас әйелдердің ыңғайлы, сонымен қатар, стильді көп функционалды киімдерді киюге тілек білдіруінің арқасында құрылды. Hey Baby! маркасының барлық үлгілері пазл сияқты үйлеседі: шалбарларға жейдені, сосын блейзерді үйлестіруге және осы бейнені тренчпен аяқтауға болады. Дизайн, маталарды сатып алу, фурнитуралар, сызбаүлгілерін әзірлеу, тігу, сату сияқты осындай өндірістік кезеңді компания өздерінің ресурстарымен жүзеге асырады. Ал барлығы майлықтағы бизнес — жоспарынан және он белдемшенің алғашқы топтамасы тігілген 100 мың теңгеден басталған.
Баға саясаты: шалбарлар — 22 990 теңгеден бастап, белдемшелер — 14 990 теңгеден бастап, көйлектер — 26 990 теңгеден бастап.

Свои люди: казахстанские бренды, которые представлены в MEGA

Glasman
MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы, 2 MEGA, 2-нші қабат
MEGA Park сауда ойын-сауық орталығы, 2-нші қабат


Тарихы бай аздаған қазақстандық брендтердің бірі. Компания 18 жыл бұрын пайда болды және бағытын бәсеңдететін емес. Glasman ерлерге арналған киімнің топтамалары сәннің соңғы үлгілеріне жауап береді, жақсы сапасымен және қолжетімді бағаларымен ерекшеленеді. Бұл жерде іскерлік кездесулерге, достармен серуендеуге және белсенді демалуға арналған гардеробты жаңартуға болады. Жазғы маусымның соңында сауда белгісінің дүкендерінде ерекше белсенділік байқалады: сатылымға мектеп формалары мен сонымен қатар жүретін керек-жарақтар түседі.
Баға саясаты: шалбарлар — 9 990 теңгеден бастап, пиджактар — 24 990 теңгеден бастап, жейделер — 6 990 теңгеден бастап.

Свои люди: казахстанские бренды, которые представлены в MEGA

Adili
MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы, 1 MEGA, 2-нші қабат
MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, 2-нші қабат


Adili компаниясы стильденген қазақ оюлары бар керек-жарақтардан басталған, ал қазір өзін үй тоқымасы мен үйге арналған тауарларды өндіруші ретінде көрсетуде. Осы жылдың басында компания матаға тікелей басып шығарудың технологиясы бойынша өзінің өндірісін іске қосты, оның Қазақстанда аналогы жоқ. Бірақ біз әлі де олардың топтың арасынан оңай ерекшеленуге болатын жібек орамалдары мен былғарыдан жасалған сөмкелерін жақсы көреміз.
Баға саясаты: шарфтар — 8 890 теңге, сөмкелер — 37 690 теңгеден бастап, төсек-орын тыстары — 15 500 теңге

Свои люди: казахстанские бренды, которые представлены в MEGA

QLP-Kazlegprom
MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы, 1 MEGA, 1-нші қабат
MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, 2-нші қабат


Бірінші кезекте, Kazlegprom ҚР президентін киіндіретін компания ретінде танымал: 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев оның жабдықталуына баға бере отырып, осы жерде тігілген костюмді киіп тұрғандығы туралы айтып өтті. Біздің Елбасы таңдайтын костюмдерден бөлек, компания жейделерді, аяқ киімді, сыртқы киімдерді және керек-жарақтарды — галстуктерді, бабочкаларды, белбеулерді өндіреді.
Баға саясаты: шалбарлар — 4 500 теңгеден бастап, пиджактар — 15 000 теңгеден бастап, жейделер — 5 500 теңгеден бастап.

Свои люди: казахстанские бренды, которые представлены в MEGA

Mimioriki
MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы, 1 MEGA мен 2 MEGA -ның арасында өтпелі жол, 2-нші қабат
MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, 2-нші қабат


Mimioriki — Қазақстандағы киімдердің ірі өндірушісі Textiline компаниясының балаларға арналған бренді. Компанияның сенуінше, әрқайсысымыздың жан-дүниемізде балалық бар, сондықтан Mimioriki брендінің мақсаты — әрқайсысына өзін табуға көмектесіп, сол жан-дүниесін жандандыру. Балалардың бала болып қалуына мүмкіндік беріп, ересектерге оларға ұқсауына көмектесу. «Балалардан үйренейік!» — деген ұран да осыдан.
Баға саясаты: жеңіл жейделер — 2 990 теңге, шалбарлар — 4 990 теңгеден бастап, көйлектер — 5 490 теңгеден бастап

Свои люди: казахстанские бренды, которые представлены в MEGA

Bro Glasses
MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, 2-нші қабат

Bro Glasses көзілдіріктер мен жиектемелердің дүкені - бұл Қостанай облысында басталған жас компания және үш жылда Қазақстанның екі бас қаласы — Астана мен Алматыны жаулап алды. Брендтің дүкендеріндегі жиектемелердің көптеген бөлігі Қытайдағы фабрикаларда Bro өз дизайны бойынша өндіріледі, сонымен қатар, жігіттер Ресейдегі, Түркиядағы, Италиядағы, АҚШ-тағы сатып алушыларға көзілдіріктерін ұсынады. Bro Glasses батыл маркетингтік науқандарының арқасында кеңінен танылды, ал қазір сауда белгісін қолжетімді бағаларымен және жақсы сапасымен ұстап отыр.
Баға саясаты: жиектемелер — 12 490 теңгеден бастап

Свои люди: казахстанские бренды, которые представлены в MEGA

Mukajan
MEGA Park сауда ойын-сауық орталығы, жертөле қабаты

Mukajan компаниясы ұлттық ою салынған былғарыдан жасалған керек-жарақтарды — сөмкелерді, әмияндарды, жол сандықтарды, белбеулерді, сонымен қатар, күмістен жасалған әшекейлерді және аяқ киімді өндірумен айналысады. Барлығы Алматы қаласында өндіріледі. Барлық өнімдердің дизайнын компанияның негізін қалаушы Алмас Мұқажанның өзі әзірлейді. Бизнесменнің қағидаты — несие қаражатынсыз істі өз күшіңмен дамыту.
Баға саясаты: әмиян — 14 000 теңгеден бастап, сөмкелер — 25 000 теңгеден бастап.