Created with Sketch. Created with Sketch.

Alma Museum: Almaty қонақүйіндегі жаңа қоғамдық кеңістік

Alma Museum — бұл Алматының кейпін гүлденген бақ-қаласы етіп қайта қалпына келтіруге, алманың қалалық мәдениетін және сонымен байланысты мәдени ұғымдарды сақтауға ынталы құштар алматылықтардың бастамасы.

Мұражайды құрудың негізінде ғылыми факт бар — Іле Алатауында жабайы өсетін алма ағашы, Сиверстің (Málus sievérsii) алма ағашы алмалардың қазіргі замандағы сұрыптарының негізгі түбі болып табылады. Осы жерден алма әлемге таралды және бұл аңыз емес, факт, ол әлемдік ғалымдардың зерттеулерімен расталған. Жобаның демеушілері қазақстандық бизнесмендер Нұрлан Смағұлов және Марғұлан Сейсембаев болып табылады.

Alma Museum: новое общественное пространство в гостинице Almaty

— Біз мұражайға арналған орын-жайды ұзақ іздедік, және Нұрлан Смағұлов бізге Almaty қонақүйіндегі орынды ұсынды. Иә, орын-жай үлкен емес, бірақ бұл мұражайға арналған мінсіз бастама: тура және ауыспалы мағынада айтқанда Алматының дәл орталығы. Қаланың орталығы және қонақүйдің орталығы, өзегі. Бұл нағыз алматылық тарих, — деді Alma Museum негізін қалаушылардың бірі Жанна Спунер.
Мұражай «Алмалы түстердің қаласы» экспозициясымен ашылды. Мұрағаттағы суреттер мен алмаларға байланысты қала тұрғындарының естеліктері арқылы ол көрермендерді бұрынғы Алматының атмосферасына кіргізеді. Бұл тарихтарды көруге, оқуға және естуге болады: көрмеде мәтіндер, суреттер-, бейне — және аудиоматериалдары бар. Сонымен қатар, әр келуші мұражайдың мұрағаты үшін өзінің «алмалы тарихын» жазып қалдыра алады. Alma Museum — көпшілікке арналған кеңістік, ол қаламен және қала тұрғындарымен үздіксіз диалог құрады, оның негізін қалаушылар, Ажар Жандосова және Жанна Спунер ұсыныстар, идеялар мен жобалар үшін ашық.

Alma Museum: новое общественное пространство в гостинице Almaty

Alma Museum маңызды міндеттерінің бірі - қоғамдық естеліктердің сақтаушысы болу. Мұражайдың тұрақты экспозициясы қазіргі заманға сай таныстыру технологияларын, оның ішінде динамикалық экспозицияларын, бейне, аудио және интерактивті медиаларды, графиктерді және ауызша талдауларды пайдалану арқылы алмалар қаласының тарихын айтып беретін болады. Экспозицияның негізге алынатын тақырыптары алмалардың қазіргі заманғы сұрыптарының түп-тегі Сиверс алма ағашы, әлемдік аңыздар, алмаларға байланысты фольклор мен дәстүрлер, қала мен бақтардың даму тарихы, адамдар мен болған оқиғалар болып табылады.

«Алмалы түстердің қаласы» экспозициясы 2019 жылдың 20 қаңтарына дейін жұмыс істейтін болады.


Мұражай Қабанбай батыр көш., 85, 1 қабат, Almaty қонақүйі мекенжайы бойынша орналасқан.

Заставочное фото: Роман Егоров