Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA СОО желісінің басшылығы атынан ақпараттық хабарлама

Карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, 17 тамызда ашылуды жоспарлап отырмыз. Барлығымыздың ойымыз бір — тезірек жұмысқа оралу. Сол себепті, ойын-сауық орталығының ашылу күнін жақындатудың бірден-бір жолы — инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық ережелер мен шараларды сақтау.

Бұл өте қиын уақыт, біздің объектілер пайда әкелудің орнына шығынға ұшыратуда. Біз індеттің кәсібімізге тигізетін ауыртпалығын өзіміз сезінеміз және де оның қай салада болмасын барлық кәсіпкерлерге тигізетін залалын түсінеміз. Сондықтан, біз MEGA сауда ойын-сауық орталығының жалға алушыларына, біздің серіктестерімізге, қолдау көрсетуді жалғастырамыз. MEGA өз қызметін тоқтатып, карантинге жабылғандағы алдыңғы кезеңдегідей, 2020 жылдың 5 шілдесінен 16 тамызына дейінгі мерзімде жалға алу ақысын алмайды, коммуналдық және эксплуатациялық шығындар үшін есепшот жібермейді.

Барлық сұрақтар бойынша Жалға алу департаментіне +7 727 232 25 05 нөмері бойынша хабарласа аласыз.
Біз өзіміз үшін ғана емес, айналамыздағы адамдар үшін де жауапты екенімізді есіңізден шығармаңыздар.

Құрметпен, MEGA СОО желісінің бас директоры Сейтжан Есмағамбетов.