Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA жалға алушыларға қандай қосымша қолдау көрсетеді

Қазақстанда СОО қызметін тоқтата тұру туралы алғаш рет жарияланған кезде MEGA басшылығы жалға алу ақысын төлемеуге және жалға алушыларға коммуналдық және пайдалану шығындары үшін шоттарды бермеуге шешім қабылдады.
Сонымен қатар, біздің компания карантин кезінде әлеуметтік желілердегі Mega ресми аккаунттары арқылы жалға алушыларды ақпараттық қолдауды жалғастыруға шешім қабылдады. Біз 500 мыңға жуық аудиторияға сізден тауарларға онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі туралы айтып береміз, тауарларды, қызметтерді үгіттейміз, Сіздің бизнесіңіздің әлеуметтік желілерде танылуына өз үлесімізді қосамыз.

Локдаун кезінде де біз сізге оқырмандарымызбен — сіздің клиенттеріңізбен байланыс орнатуға, әртүрлі сауалдар мен мәселелерді шешуге көмектесуді жалғастырамыз. MEGA-ның келушілерге қамқорлық көрсету бөлімі ай сайын жұмыс режиміне, жеткізу шарттарына, айырбастауға, тауарларды қайтаруға және жалға алушылардың т.б. қызметтері туралы 500-ге жуық сұранысты қабылдайды және өңдейді.

Сонымен қатар, байланыс департаменті әлеуметтік желілерде жалға алушыларды қолдаудың және жергілікті жарнаманың жаңа форматтарын ойлап тауып, енгізеді. Департамент мамандары жалға алушыларды қолдауға арналған MEGA-ның әлеуметтік желілері үшін маркетингтік стратегияны әзірледі. Толық ақпарат алу үшін Сіз департамент басшысы Венера Гайфутдиноваға телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 705 626 64 90.

Егер сізде MEGA-ның келушілерге ұсына алатын қосымша қызметтері туралы пікірлер мен тілектер болса, сіз Customer Care жетекші маманы Ирина Морозовамен телефон арқылы байланыса аласыз: +7 701 743 00 43.

Біз жаңа жағдайда жұмыс істеу, әсіресе шағын және орта бизнес үшін қиын екенін түсінеміз. Сондықтан MEGA осы қиын кезеңді ең аз шығынмен бірге еңсеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды!

Есіңізде болсын, біз әрқашан ашық және сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз!

Какую дополнительную поддержку MEGA оказывает арендаторам

Құрметпен, жалға беру департаментінің директоры Татьяна Ходжаева.