Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA сауда орталығында инфекцияның таралуының алдын алу үшін қандай шаралар қабылдануда

Қымбатты қонақтар!

MEGA сауда орталығында инфекцияның таралуының алдын алу үшін қандай шаралар қабылдануда

Дүниежүзілік Денсаулықты қорғау ұйымы коронавирусты инфекция бойынша пандемия жариялауына байланысты МЕGA сауда ойын-сауық орталығында оның таралуының алдын алуға арналған шараларды қабылдады. Коронавирустың алдын алу бойынша жоғары деңгейдегі шараларға MEGA жалпы 250 млн теңге жұмсады.

1. Барлық MEGA сауда орталықтары желісінде күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілді. Əр сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдер, орындықтар, эскалатор ұстағыштары, баспалдақтар мен есіктер, лифттар жəне де үш сағат сайын едендер жуылады.

2. СОО-да қолды зарарсыздандыратын санитайзерлар орнатылды. Санитайзерларда микробқа қарсы ұзақ мерзімді əсері бар көп қызметті антисептикалық зат қолданылады.

3. Сауда орталықтары тұрақты түрде желдетіледі, ағынды-сорғылы қондырғылар дезинфекцияланады. Ауа фильтрациясы көбейтіліп, бөлмелерге сырттан таза ауа тарту арқылы желдетіледі.

4. СОО кіру есіктерінде тепловизорлар арқылы келушілердің денсаулық жағдайларына мониторинг жүргізіледі. Келушілерге біздің СОО-да алдын алу шаралары жəне бұдан да басқа қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз.

5. Ақпараттық үстелдерде медициналық маскалар таратылады (бір адамға 1 данадан аспайды).

6. Балалар ойын алаңы мен сауда орталықтың жанындағы территорияның тазалығы мен дезинфекциясы жүргізілуде, ана мен бала бөлмелерінде кварцтық бактерицидттік лампалар орнатыллы және кесте бойынша кварцтау өткізілуде.

7. MEGA СОО желісінің жалға алушылары əкімшіліктен ұсыныстар алды:қолды зарарсыздандыратын санитайзерларды орнату, тұрақты түрде бөлмелердегі барлық жабындылар мен төсемдердің үстін қосымша санитарлы тазалау мен дезинфекциялауды жүргізу.

8. Коронавирусты алдын алу бойынша СОО келушілеріне арналған жадынама құрастырылды. Қолды сабынмен кем дегенде 20 секунд жуу ұсынылады, қолға арналған санитайзерлармен немесе антисептикалық құралдармен қолдану, тұтқаларға, ұстағыштары, есік тұтқаларын, лифт кнопкаларын қажеттіліксіз ұстамау, жəне де қолдармен көзді, мұрынды жəне ауызды ұстамау, респираторлы гигиена ережелерін сақтау :жөтелгенде жəне түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен немесе шынтақ иілісімен жабу. Бастысы-кез келген əлсіздікте, дірілде, мұрын бітуде немесе жөтелгенде қоғамдық орыннан дер кезінде кету, айналадағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін.

9. СОО жəне жалға алушылардың жұмыс кестесі өзгертілген жоқ, бірақ концерттер, шеберлік сабақтары жəне де басқа көпшілік шаралар тоқтатылды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.03.2020 ж. № 20 «Қазазақстанда панэпидемия кезіндегі коронавирустық инфекцияны таратпау бойынша күшейтілген шаралар» қаулысына сәйкес Chaplin Cinemas кинотеатры 14 наурыздан бастап және балалар ойын-сауық орталықтары 15 наурыздан бастап екі аптаға жұмысын тоқтатты.

MEGA СОО желісі 150 млн теңге сомасына 23 стационарлық тепловизор жəне де 50 қол тепловизорларын, 100 млн теңге сомасына дезинфекциялау құралдарын, санитайзерлар, жəне эскалатор тұтқаларын зарарсыздандыратын құралдарын сатып алды. Коронавирустың алдын алу бойынша жалпы теңдессіз шараларына MEGA 250 млн теңге жұмсады. Біздің келушілеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың барлығын жасаймыз.


Коронавирус: MEGA сауда ойын-сауық орталықтарының алдын-алу шаралары мен жұмыс істеу ерекшеліктері