Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGAzine Орталық Азия корпоративтік БАҚ байқауының марапатына ие болды

Марапат 30−31 мамырда Алматыда өткен Халықаралық PR-форумында берілді.

MEGAzine Орталық Азия корпоративтік БАҚ байқауының марапатына ие болды

Орталық Азия корпоративтік БАҚ байқауы 12 жыл бойы «PR-шы» клубы ұйымдастырған Халықаралық PR-форумының аясында өтіп келеді.

Биылғы жылы байқауға бүкіл Қазақстаннан 17 корпоративтік БАҚ қатысты. MEGAzine газеті «Клиенттер үшін үздік корпоративтік газет-2019» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Байқаудың қазылар алқасына MEGA сауда-ойын сауық орталығы желісінің барлық командасының жұмысын жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамыз!