Created with Sketch. Created with Sketch.

Нұрлан Смағұлов: «Менің міндетім — Қазақстанның өнерімен таныстыру»

ForteBank Kulanshi ArtSpace астаналық галереясында «Өнердегі өмір» көрмесі ашылды. Онда Astana Group компаниясының президенті Нұрлан Смағұловтың жеке топтамасынан қазақстандық суретшілердің туындылары ұсынылды.

Нурлан Смагулов: «Моя миссия — знакомить с искусством Казахстана»​​​​​​

Барлығы көрмеде 60 жұмыс ұсынылды, олардың бесеуі мүсіндер. Әр туынды бірегей, ал бірге олар көпқырлы және сонымен қатар, біздің өміріміздің тұтас бейнесін құрайды.

— Осы жердегі барлық жұмыстар — біздің жанұялық топтамадан алынған. Мен адамдардың оған көптеген назары мен қызығушылығының барына мақтанамын. Менің ойымша, менің міндетім — Қазақстанның өнерімен таныстыру. Әрине, қазақстандық суретшілердің ең үздік жұмыстары біз мұражайда орналасқан, солай болуы тиіс. Бірақ жеке топтамада жиналғандар үлкен резонанс пен қауымның қызығушылығын тудырады. Мұнда менің сүйікті жұмыстарым өте көп, олардың ішінде Айтбаев, Шарденов, Валерий Леонтьев бар. Бүгін, әрине, барлық жұмыстар ұсынылмаған, бірақ бұлар — біздің топтаманың ең үздік бөліктерінің бірі, -дейді Нұрлан Смағұлов.

Нурлан Смагулов: «Моя миссия — знакомить с искусством Казахстана»

Топтамада бұл өнер туындыларының пайда болуының тарихы әртүрлі. Кейбіреулерін бизесменге суретшілердің өздері сыйлады, кейбіреулері аукциондарда сатып алынды, мысалы, Салихитдин Айтбаевтың жұмысы — ол Лондонда Christie's аукционында сатып алынды. Көрменің ашылуы кезінде кәсіпкер оның топтамасының 2010 жылдан бастап «саяхаттап» келе жатқандығы туралы айтты. Олар Лондонда ұсынылды, үш жыл бұрын Астанадағы Қазақстанның Ұлттық мұражайында ұсынылған болатын. Жақын арада Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен келісім бойынша бұл көрме Қазақстанның Мәскеудегі елшілігіне барады және ол жерде біздің елдің Тәуелсіздік күнін тойлаған кезде ұсынылатын болады.

«Өнердегі өмір» экспозициясы 21 қарашаға дейін өтетін болады. Көрме күнсайын 9:00 бастап 20:00 дейін ашық болады. Кіру тегін.