Created with Sketch. Created with Sketch.

Өзгеру: MEGA Park қызметкерлері MANGO жаңа топтамасынан образдарды байқап көреді

Танысыңыз, бұл MEGA Park сауда-ойын-сауық орталығында жұмыс істейтін біздің әріптестеріміз.

Біз бұл адамдарды қатаң униформада көріп үйренгенбіз және олармен жақынырақ танысу үшін біздің шағын тәжірибемізге қатысуды — аздап модель болуға, MANGO жаңа топтамасынан киімдерді киіп көруді және өздерінің жұмыстары туралы айтып беруді ұсындық.


Динара Юлдашбаева
MEGA Park қауіпсіздік қызметінің орталық бақылау пунктінің операторы

Преображение: сотрудники MEGA Park примеряют на себя образы из новой коллекции MANGO

Менің MEGA Park -те 3 жыл жұмыс істеп келемін. Бұған дейін менің осыған ұқсас лауазымда жұмыс істеу тәжірибем болды, бірақ сауда орталығында өзіндік ерекшелігі бар, мұнда өте қызық. Бірінші кезекте біз, әрине, қауіпсіздікті қадағалаймыз, сонымен қатар, маған балалар алаңында, балалардың футбол, баскетбол ойнағанын, біздің келушілерімізді бақылаған ұнайды. Сауда орталығына барлығы қуанышты, жақсы көңіл-күймен келеді, мұндағы атмосфера ерекше.

Бұл мамандық ер адамдарға арналған деп саналғанымен, бірақ мен өзімді ұжымда өте жайлы сезінемін. Менде шыдамдылық, бақылаушылық қасиеттерім бар. Бұл біздің жұмысымызға көмектесетін керекті қасиеттер.

Біз жұмыста дресс-код қатаң сақталады — ақ жейде, қара белдемше, пиджак. Ал күнделікті өмірде маған casual стилі ұнайды: джинсы, жеңіл жейделер, кроссовкалар. Біздің MANGO-дан таңдап алған образымыз маған жақын, ол іскер тұлғаның стиліне ұқсайды, сонымен қатар, өзінің ерекшелігі бар. Жеңіл жейде мен шұлық-етік оған өзіндік ерекшелік берсе, былғарыдан жасалған белдемше — осы маусымның басты трендтерінің бірі болып саналады. Мен осы образда өзімді жайлы сезінемін.

Динараның үстінде:

Жеңіл жейде — 9 990 теңге

Жакет — 35 990 теңге

Белдемше — 14 990 теңге

Етік — 29 990 теңге

Сөмке — 19 990 теңге

Барлығы MANGO


Павел Молчанов
MEGA Park паркинг операторы

Преображение: сотрудники MEGA Park примеряют на себя образы из новой коллекции MANGO

Мен MEGA Park сауда-ойын сауық орталығының көлік қоятын орнында оператор болып жұмыс істеймін. Жабдықты, келушілерге сауда-ойын сауық орталығының аумағына жайлы кіруге және одан шығуға көмектесетін паркингте жұмыс істейтін тұлғалардың ұжымын қадағалаймын.

Паркоматтағы көмек туралы батырманы бассаңыз, менің дауысымды естисіз. Келушінің билеті мыжылып қалса, паркомат қайтарым жасамаса, шлагбаум ашылмаса — осы мәселелердің барлығын көлік қоятын орынның операторы шешуге көмектеседі. Біздің жұмысымыздағы басты қасиет — сабырлылық, біз келушіні тыңдап, түсініп, мәселесін дұрыс шешуге көмектесуіміз керек.

Көлік қоятын орынның операторларының да дресс-коды бар — бұл костюм, галстук. Ал күнделікті өмірде мен еркін стильді ұнатамын, спорттық киімдерді жақсы көремін. Мен белсенді демалысты ұнататын адаммын, спортпен айналысамын, велосипедпен және сноубордпен сырғанаймын, тауға барамын. Отбасымен саяхаттауды ұнатамын.

Павелдің үстінде:

Свитшот — 19 990 теңге

Жилет — 35 990 теңге

Джинсы — 24 990 теңге

Кроссовка — 35 990 теңге

Барлығы MANGO


Мадияр Чагалаков
сантехник, MEGA Park инженерлік-техникалық қызметі

Преображение: сотрудники MEGA Park примеряют на себя образы из новой коллекции MANGO

Мен сантехникпін, сауда-ойын-сауық орталығының инженерлік-техникалық қызметінде істеймін. Мен MEGA Park-те жұмыс істегеніме 5 жыл болды, осы жерде ашылған кезінен бастап істеймін, маған қатты ұнайды. Біздің ұжымымыз өте тату, біздің қызметкерлеріміз компанияның өміріне белсенді түрде қатысады.

Бос уақытымды мен әдетте жанұяммен өткіземін, бұл мен үшін өте маңызды. Кейде спортпен айналысамын, футбол ойнағанды жақсы көремін. Бізде MEGA Park-те үлкен Спорт паркі мен футбол алаңы бар. Кейде біз әріптестерімізбен жиналып, сол жерде ойнаймыз. Бізде сондай мүмкіндіктің болғаны тамаша!

Жұмыста арнайы киім киеміз, үнемі сол киіммен жүреміз. Жұмыстан тыс еркін стильді ұнатамын. MEGA Park-тегі менің сүйікті дүкендерім — бұл LC Waikiki және DeFacto. Ол жерде мен ғана емес, менің бүкіл отбасым киінеді, ол жерден балаларға арналған жақсы киімдерді табуға болады.

Мадиярдың үстінде:

Водолазка — 24 990 теңге

Джинсы — 24 990 теңге

Пальто — 49 990 теңге

Барлығы MANGO


Мақсат Әлімқұлов
электр газымен дәнекерлеуші-слесарь, MEGA Park инженерлік-техникалық қызметі

Преображение: сотрудники MEGA Park примеряют на себя образы из новой коллекции MANGO

Мен MEGA Park сауда-ойын сауық орталығындағы инженерлік-техникалық қызметте істегеніме 4 жыл болды. Бұл жерде маған бәрі ұнайды — жұмыс та, ұжым да, сауда орталығының өзі де. Мен дәнекерлеушімін, менің жұмысым, бір нәрсе сынса, оны жөндеумен айналысамыз, сонымен қатар шағын жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Жалпы, келушілерге көрінбейтін, бірақ олардың сауда-ойын сауық орталығында жайлы жүруі үшін жасалатын жұмыс.

Бос уақытымда тауға барғанды жақсы көремін. Бұл менің негізгі хоббиім. Аздап серуендегенді ұнатамын, егер уақыт болса, адамдар жоқ, тек табиғат пен таза ауа болатын жоғарыға шыққанды жақсы көремін. Менің киімдегі таңдауым да осыған байланысты — маған ыңғайлы және қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін спорттық стиль ұнайды.

Мақсаттың үстінде:

Жейде — 19 990 теңге

Күрте — 24 990 теңге

Шалбар — 24 990 теңге

Туфли — 49 990 теңге

Барлығы MANGO


Сұхбат: Антонина Кукаева
Сурет: Алексей Попов