Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA сауда және ойын-сауық орталығы желісінің бас директоры ауысты

Бұл туралы Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов 2021 жылдың 11 қаңтары, дүйсенбі күні мәлімдеді.

Нұрлан Смағұлов MEGA-ның ай сайынғы жиналасында компаниядағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлап, жаңа бас директорды таныстырды.
Astana Group президенті, MEGA сауда орталық желісінің бұрынғы бас директоры Сейтжан Есмағамбетовпен 17 жыл бірге жұмыс істегендерін айта келе жемісті әріптестік үшін алғыс айтты.

В сети ТРЦ MEGA сменился генеральный директор

«Сейтжан Сәрсенғалиұлымен MEGA сауда орталығын ең алғаш кезде құрған сәттен бастап бірге жұмыс істедік. Біз Алматыдағы бір сауда орталығынан еліміздегі ең танымал сауда және ойын-сауық орталықтарының желісіне дейінгі дәрежеге бірге жеттік. Бүгінгі таңда MEGA сауда орталықтары қазіргі заманғы мегаполис тұрғындарының ең жоғары функционалдық және эстетикалық талаптарына сай келеді. Бұл, ең алдымен, Сейтжан Сәрсенғалиұлының еңбегі, оны жоққа шығаруға болмайды. Мен оған біздің компаниямыздағы ерекше маңызды қасиеттер — қызметтегі адалдығы, шынайылығы және кәсібилігі үшін алғыс айтамын», — деді Нұрлан Смағұлов.

Сейітжан Есмағамбетов MEGA идеясын іске асыруға және дамытуға 2003 жылдың қаңтарынан бастап атсалысып келді, алдымен MEGA орталығын дамыту жөніндегі директор, содан кейін MEGA Alma-Ata Сауда орталығының бас директоры (2006 жылдан) болып еңбек етті, ал 2008 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін MEGA Сауда орталықтарының желісін басқарып келді.

«Мен MEGA-да 17 жыл жұмыс істедім, бұл өмірімнің керемет жылдары деп айта аламын. Осы жылдарды сіздермен, біздің командамен бірге өткізгеніме қуаныштымын. Ұжымнан кететін сәтті таңдау өте қиын: қиын сәттерде команданы тастап кетуге болмайды, ал жақсы сәттерде кету одан қиын. Бірақ, өзгерістердің уақыты келді. Mega командасы кез келген міндеттер мен қиындықтарды жеңе алатынына сенімдімін. Ал Нұрлан Еркебұланұлы сіздерді әрдайым бағыттап, қолдап отырады», — деді Сейітжан Есмағамбетов.

Компания жетекшілері басшылықты ауыстыру жоспарланған қадам екенін айтты.

«MEGA жұмысының принциптері өзгеріссіз қалады. MEGA сауда және ойын-сауық орталықтары желісінің жаңа бас директоры Айдын Каимов — бөтен емес, біздің компанияның маманы. Айдын біздің құндылықтарымыз бен жұмыс принциптерімізді түсінеді және қолдайды. Ал Сейітжан Есмағамбетов MEGA жаңа жобалар бойынша кеңес беруді жалғастыра береді және жаңа көшбасшыға барлық қажет көмегін аямайды», — деп атап өтті Нұрлан Смағұлов.