Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA Park сауда-ойын сауық орталығында самокаттарға арналған тұрақ пайда болды

MEGA Park сауда-ойын сауық орталығында самокаттарға арналған тұрақ пайда болды

MEGA Park сауда-ойын сауық орталығында самокаттарға арналған тұрақ пайда болды. Олардың қайда орналасқанын және оларды қалай пайдалану керектігі туралы айтамыз.

Сауда-ойын-сауық орталығында барлығы самокаттарға арналған 2 тұрақ бар. Біреуі Сейфуллин даңғылынан, екіншісі Мақатаев көшесінен орналасқан. Екі тұрақта да қуаттау мүмкіндігі бар.

Самокатты тұраққа қою үшін құлыптан кілтін алып, алдыңғы дөңгелегін және самокаттың жақтауын конструкцияға бекіту керек және кілттің көмегімен құлыпты жабу қажет.

Кілт жоғалған жағдайда жақын маңдағы ақпараттық тірекке жүгіну қажет, бірақ оны әрине, жоғалтпаған жөн.

Қызмет тегін, оны 10:00-ден 22:00-ге дейін пайдалануға болады.