Created with Sketch. Created with Sketch.

Astana Group COVID-19 таралуымен күрес үшін 100 миллион тенгеге құрал-жабдықтарды беруде

ASTANA GROUP компаниясы соңғы үлгідегі 17 стационарлық интеллектуалды тепловизорларды Нұр-Сұлтан (6 дана), Алматы (6 дана), Шымкент (3 дана), Қарағанды (2 дана) қалаларына беруде. Олардың орналасатын орындарын жергілікті атқарушы органдар қазір нақтылауда.

Нұрлан Смағұлов, ASTANA GROUP президенті: «Біздің өміріміз уақытша түбегейлі өзгерді, бұған түсіністікпен қарау керек, ал бизнестің бұл күндері орны ерекше және жауапкершілігі де ерекше. Осы туындаған жағдайда біз баршаңызды жауапкершілікпен әрекет етуге шақырамыз. Вирустық қауіп осы күні жылдам шешім қабылдауға итермелеуде. Компаниялардың өз кәсіпорындарында ауқымды қауіпсіздік шараларын енгізуінен бөлек, елімізге көмектесуді өзіміздің парызымыз деп білеміз».

Құрылғылар қауіпсіздік жүйелерін шығаратын компаниялар арасында әлемдегі ең озық орындағы Dahua Technology (Қытай) компаниясында шығарылған. Dahua компаниясы тепловизорды және температура эталонын қолданудың негізінде ең үздік шешімді ойлап тапты, ол бас температурасын және дене қызуын бас киім сыртынан да дәл анықтайды. Температураны өлшеу автоматты режимде қашықтан және адамдардың үлкен ағымында да жүргізіледі. Бұл жүйелер бүкіл әлемде жаппай орнатылуда, әуежайларда, сауда орталықтарында, метро, ТЖ вокзалдарында, банктерде және басқа да адамдар көп шоғырланатын жерлерде де.

Dahua тепловизорының артықшылығы:

  • жоғары дәлділік (температура өлшеудегі ауытқулар +\- 0,2 — 0,3 градус шамасында ғана, тіпті бір мезетте 30 адамды бірден өлшеу керек болса да);
  • эффективтілік (автоматтандырылған ерте ескерту механизмі, қызметкерлердің жұмысын азайтып, жұқтырып алу қауіпін азайтады);
  • қолдану ыңғайлылығы (үлкен және кіші объектілерде)