Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA Silk Way Asia Pacific Property Awards халықаралық байқауында ретейл және демалыс саласындағы қазақстандағы ең үздік нысан атанды

Әлемге әйгілі Asia Pacific Property Awards 2021 жеңімпаздары виртуалды марапаттау рәсімі кезінде жарияланды.
MEGA Silk Way удостоился престижной международной награды
Нұрұлтан қаласындағы MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығы Asia Pacific Property Awards беделді халықаралық байқауына қатысты. Ол ретейл және демалыс саласындағы қазақстандық объектілер арасында ең жоғары — "5 Star for Kazakhstan in Retail Development" және «5 Star for Kazakhstan in Leisure Development» марапатына ие болды. Нәтижесінде СОО Retail Development санатында Азия мен Тынық мұхит өңіріндегі ең үздік жоба атағына ұсынылды. Байқау қорытындысы 2021 жылдың желтоқсан айында шығарылады.
MEGA Silk Way удостоился престижной международной наградыAsia Pacific property Award 1993 жылдан бері өткізіліп келе жатқан International Property Awards байқауының бір бөлігі және коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы ең беделді сыйлықтардың бірі саналады. Бұл марапат әлемдегі ең озық архитектуралық шешімдерге беріледі. Қазылар алқасы нысандарды келесі параметрлер бойынша бағалады: қолданылатын шешімдердің сапасы, сәулет және дизайн, энергия тиімділігі, инновациялылығы. Заманауи технологияларға, құрылыс тұжырымдамасына, сәулет ерекшеліктеріне, сенімділігіне, сондай-ақ құрылыс салушылар қолданған экологиялық және әлеуметтік бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінеді.

MEGA Silk Way Asia Pacific Property Awards халықаралық байқауында ретейл және демалыс саласындағы қазақстандағы ең үздік нысан атанды

Естеріңізге сала кетейік, MEGA Silk Way бұған дейін де беделді ұйымның жоғары бағасын алған еді: 2019 жылдың желтоқсанында ол Best International Retail Architecture номинациясында жеңімпаз атанып, әлемдегі ретейл саласындағы үздік сәулет жобасы деп танылды. Бұдан бөлек MEGA Silk Way Your BREEAM Award 2020 марапатының, сондай-ақ Excellent рейтінгімен (75.4%)BREEAM in -Use: Part 2-Building Management халықаралық экологиялық құрылыс сертификатының иегері. MEGA Silk Way осындай жоғары баға алған Қазақстандағы жалғыз ғимарат.

MEGA Silk Way Asia Pacific Property Awards халықаралық байқауында ретейл және демалыс саласындағы қазақстандағы ең үздік нысан атанды

MEGA Silk Way СОО елорда картасында 2017 жылдың наурыз айында пайда болды. Бірегей сәулеті мен тұжырымдамалық пішімінің арқасында ол Қазақстан астанасының тартылыс орталығына және беткеұстар ғимаратына айналды. СОО тұжырымдамасын ретейлге және бос уақытқа арналған жобаларға маманданған Chapman Taylor ағылшын сәулет бюросы әзірледі.

forbes.kz