Created with Sketch. Created with Sketch.

Нұрлан Смағұлов қазақстандықтарға өзінің сүйікті суреттерін көрсетеді

Белгілі қазақстандық кәсіпкер ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында өзінің жеке коллекциясындағы суреттердің көрмесін ашады

Нурлан Смагулов покажет казахстанцам свои любимые картины

Адам және меценат
Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов Қазақстанда MEGA СОО және Astana Motors автоорталықтары секілді айшықты және табысты бизнес-жобалардың авторы ретінде танымал. Сондай-ақ Смағұлов мырза меценат, әрі өнер қадірлеушісі. Мысалы, бизнесмен қазақстандық өнер саласындағы «Тарлан» сыйлығының бастамашыларының бірі болған; оның компаниясы «ARTиШОК” театрының жаңа сахнасының құрылысына демеу көрсеткен; ол ұзақ жылдар бойы мүсінші Эдуард Казарянмен жұмыс істеп, мүсіншінің тамаша жұмыстары МЕГА-орталықтарын безендіріп тұр.
Сонымен қатар, Нұрлан Смағұлов әр жылдардағы қазақстандық шеберлердің кескіндеме және мүсін туындыларын жинап жүрген әуесқой коллекционер. Кәсіпкер өзі былай дейді: егер әу баста суреттерді жинау ол үшін эмоционалдық, кейде кездейсоқ әуестік болса, коллекциялаудағы бес жылдан кейінгі сатып алулар саналы және мақсатты іске айнала бастады.
«Мен үшін коллекционер мәртебесі тек өзіндік, субъективті құмарлықтың көрінісі ғана емес, сонымен қатар еліміздің бейнелеу өнерінің «шағын» тарихын бақылау мүмкіндігі. Сонымен қатар, жаңа жұмыстарды іздеу барысына біраз уақыт арнап, мен өзіме қызықты суретшілердің тағдырлары туралы көп нәрсе білдім, менің ойымша, олар өмір сүрген дәуірді түсінуге жақын бола бастадым. Бақытыма орай, мен осы шеберлердің кейбір жұмыстарына қол жеткізе алдым», — дейді кәсіпкер өзінің көп жылғы қызығушылығы туралы.
Шеберлер жері
Бүгінгі таңда өнертанушылар кәсіпкер коллекциясындағы шығармалар жинағын Орта Азиядағы ең ірілерінің бірі ретінде бағалайды. Пегги Гуггенхайм мен Павел Третьяков сияқты Нұрлан Смағұлов та «маржандарды» жинап қойып, тамашалау емес. Оның мақсаты — танымал және белгісіз жерлестерінің шығармашылық туындыларын Отанымызда сақтап қалу. Сонымен қатар, көптеген жылдар бойы кәсіпкер өз коллекциясын белсенді түрде көрсетіп келеді: ол шеберлердің жұмыстарын отандастарына, әлемге паш етуге тырысады. Бақытымызға орай, Қазақстан әрқашан дарынды суретшілерге бай болған.

Нурлан Смагулов покажет казахстанцам свои любимые картины

(Салихитдин Айтбаев, «Тың жерлерде. Түскі ас», 1960)

Нұрлан Смағұловтың коллекциясы бойынша Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасу кезеңдерін көруге болады. Мұнда еліміздің бейнелеу өнерінің негізгі кезеңдері мен барлығы дерлік өкілдерінің үздік туындылары жинастырылған. «Алпысыншы жылғылардың" шығармалары ерекше орынға ие. Олар: Салихитдин Айтбаев, Шаймардан Сариев, Әбдірашит Сыдыханов, Бекболат Тоғызбаев және Бахтияр Тәбиев (cүретшілер); Исатай Исабаев пен Мақым Қисамединов (графиктер); Еркін Мергенов (мүсінші).

Коллекция жинаушы кейбір шеберлермен жеке таныс болған.
«Мен Эдуард Казарян, Алмагүл Меңлібаева, Асқар Есдәулетов, Дулат Әлиев, Асқар Есенбаев, Андрей Нода және басқа да суретшілермен кездескенім үшін тағдырыма ризамын, — дейді Нұрлан Смағұлов. — Олардың әрқайсысы кескіндеме мен мүсіндегі өзінің қайталанбас жеке стилі арқылы қазіргі заманғы өнер тілінің байлығы туралы менің түсінігімді кеңейтті. Біздің өнер саласындағы «Тарлан» сыйлығымызға қолдау көрсеткен дарынды суретші Әбдірашит Сыдыхановпен таныс болғаным үшін бақыттымын. Ол мен үшін есімі үлкен әріппен жазылатын қазақ суретшісінің бейнесі ретінде қалмақ. Өмірінің соңғы күндеріне дейін мен осындай жақсы адаммен тамаша қарым-қатынаста болдым».

Ұнатып барып сатып алдым
Коллекция — қабырғалардағы бірнеше әдемі сурет қана емес. Бұл — замандастардың шығармашылығына деген қызығушылық, коллекционердің тұлғалық бірегейлігі мен ерекше талғам, батылдық пен эстетикалық пайымдау дербестігі. Нұрлан Смағұлов өз коллекциясындағы әрбір жұмысты алдымен ұнатып, содан кейін барып сатып алғанын айтады. Онсыз меценат та, коллекционер де болу мүмкін емес шығар.
Кәсіпкер жақын адамдарының, ең алдымен, оның музасы — Мадина Смағұлованың қолдауынсыз коллекцияны жасау қиынға соғып, тіпті, болымсыз екендігін мойындайды. Кәсіпкердің өмірлік жолдасы оның әуестігіне ілтипатпен қарап, түсіністік және шыдамдылық танытып келеді. Оның қызығушылығы ешқашан Мадинада қызғаныш сезімін тудырмаған, керісінше, уақыт өте келе ол өзі де осы әуестікке қызығушылық таныта бастады.
«Сэрэнжаб Балданоның шығармашылығымен енді танысқанымда ол Мәскеуден автордың қолынан шыққан мүсінді сол кезде өзінде болған бар ақшасын соған жұмсап, алып келгенін ешқашан ұмытпаймын”, — деп еске алады коллекционер. Ол Мәдина Смағұлованың әрдайым көркем шеберлікке әуестеніп, шын ықыласпен және жан жылуымен қарағанын атап өтті.

Нурлан Смагулов покажет казахстанцам свои любимые картины

(Жаңатай Шәрденов, «Таудың биігінде», 1972)

Ерекше көрме үшін ерекше орын
Нұрлан Смағұловтың коллекциясындағы суреттерді 27 қыркүйектен бастап, Астанадағы ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында ашылатын көрмеде көруге болады. Мұндай көрме үшін кеңістікті таңдау кездейсоқ болмады — галерея өнердің дамуы, қазақстандықтардың мәдени деңгейін арттыру үшін ашылған болатын. ForteBank Kulanshi ArtSpace өз есігін алғаш рет 2016 жылдың 20 қазанында айқара ашты. Екі жылдан бері ForteBank бас офисінің ғимаратындағы галерея елорда тұрғындары мен қонақтары үшін танымал қазақстандық суретшілердің туындыларынан рахат алатын бірегей алаңға айналды.
ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында — Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің туындылары жинастырылған. Коллекцияның көптеген суреттерін банк шетелден сатып алып, Қазақстанға қайтарды. Осылайша, ForteBank, Нұрлан Смағұлов сияқты, Қазақстанның бай мәдени мұрасын дамыту мен сақтауға үлес қосуда.
Елорда тұрғындары мен қонақтары галереяға тегін кіріп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Бұл бейнелеу өнерінің тамаша үлгілерімен жақынырақ танысудың сирек мүмкіндігі.

Нурлан Смагулов покажет казахстанцам свои любимые картины

(ForteBank Kulanshi ArtSpace)

Нұрлан Смағұловтың коллекциясына келер болсақ, қыркүйек айының соңында ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында Жаңатай Шәрденовтың жұмыстары ұсынылады. Өнертанушылар суретшінің шеберлігін осылай сипаттайды: «Суреттерінің әсем қабаты — қарқынды сызықтардың, жолақтардың, ағындардың, жұмсақ және батыл иректердің, үтір мен спиральдардың қоспасы. Әрбір бояуында сезім нәзіктігінен туған реңктердің үйлесімі бар. Шәрденовтың темпераментті кескіндемесі өз көрерменінің ішкі дүниесінен лайықты орын таппақ".
Акварельдерінде пішіндердің классикалық айқындығы мен «тыныштығы» тән Павел Зальцманның еңбектерін де тамашалауға болады. Оның жұмыстарындағы түс көпсатылы, алайда бұл акварельді жеңілдік пен мөлдірліктен айырмайды. Айта кетсек, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуациялау кезінде суретшінің екінші отанына айналған Қазақстанға оның көптеген шығармаларын қайтару үшін Нұрлан Смағұлов Израильге суретшінің қызына арнайы барған.
Нұрлан Смағұловтың топтамасында көрнекті қазақстандық суретшілер жасаған баспа графикасының көптеген шығармалары бар. Көрмеде тек бір данадағы туындыларды көрсетіледі. Әр шығарма бірегей туынды, ал олардың жиынтығы өміріміздікөп қырлылығы мен тұтас бейнесін жасап тұрғандай.

Источник: Forbes.kz