Created with Sketch. Created with Sketch.

Талдықорғанның тұрғыны MEGA Plus-тен Jaguar ұтып алды

Жительница Талдыкоргана выиграла Jaguar от MEGA Plus

17 желтоқсан күні Талдықорған қаласының тұрғыны Мақпал Ержанова «MEGA-да Jaguar ұтып ал!» науқанының жеңімпазы атанды.

Жаңа Jaguar кабриолетін бақытты қазақстандық басты сыйлық ретінде алды, ол бар болғаны MEGA Plus бейілділік бағдарламасының қатысушысы болды.

Макпалдың айтуынша, ұтыс ол үшін күтпеген жағдай болды. «Менде тек бір купон болды, және оны лототроннан алғаны нағыз сәттілік. MEGA Plus бейілділік бағдарламасы мен Jaguar ұтыс ойыны туралы мен өзімнің ағамнан білдім және MEGA сауда-ойын сауық орталығына келіп, осы науқанға қатысуға бел будым. MEGA Plus бейілділік бағдарламасының серіктесінен киім сатып алдым. Чек 15 000 теңгеден сәл асты, бұл маған бейілділік бағдарламасының тірек үстелінен бір купон алуға және „MEGA-да Jaguar ұтып ал!“ науқанына қатысушы болуға мүмкіндік берді.», — деді Мақпал.

«MEGA-да Jaguar ұтып ал!» науқанының аясында сондай-ақ Лондон мен БАӘ-ге екі адамға жолдама ойнатылды. Лондонға жолдаманың иесі Роман Варфоломеев болды, ол жұбайымен бірге лототронға 300-ден астам купонды салды. «Біз MEGA жанында тұрамыз, осы сауда-ойын сауық орталығында жиі боламыз және, әрине, осы жерден қажеттінің барлығын сатып аламыз. Біз нысаналы түрде MEGA сауда-ойын сауық орталығының және „Астана Моторс“ желісінде бейілділік бағдарламасының серіктестерінен сауда жасадық. Әрине, біз бас жүлдені ұтып алғымыз келеді, бірақ Лондонға сапарымыз да біз үшін өте керемет сыйлық, ал Jaguar — ға біз әлі қаражат жинаймыз», — деді Роман.

БАӘ жолдама Станислав Слекторға бұйырды. «Мен өте қуаныштымын! MEGA-да үздік байқаулар өткізіледі. MEGA сауда-ойын сауық орталығының желісіне осындай науқандарды көбірек өткізуі үшін өркендеуін тілеймін», — деді Станислав.

MEGA Plus ұсынған ұтыс ойынына MEGA+ қосымшасын жүктеген, 2019 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 желтоқсанға дейін қосымша арқылы бейілділік бағдарламасының серіктестерінен саудасын төлеген бейілділік бағдарламасының барлық клиенттері қатыса алды. MEGA бейілділік бағдарламасын дамытуды жалғастырады және оның қатысушыларын тағы да көптеген тосын сыйлар күтеді.

Дереккөзі: Tengrinews.kz