Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA Alma-Ata

ТРЦ MEGA Alma-Ata

Сипаттама

Орналасуы Алматы қ., Розыбакиев к., 247а
Жалпы ауданы 180 000 м²
Коммерциялық алаңы 87 148 м²
Кафе және мейрамханалар 50 д.
Фудкорттағы орын саны 2 500 орын
Гипермаркет 4 330 м²
Техника және электроника дүкендері 3 287 м²
Балаларға арналған ойын-сауық парктері 2 798 м²
Кинотеатр 8 572 м²
Батутты парк 1 415 м²
Балалар тауарларының гипермаркеті 2 449 м²
Мұз айдыны 470 м²
Паркинг 1 734 орын (1 058 жер асты)
Бір айдағы келушілер саны 1 100 000 адам
Ашылу күні 2006 ж. қазаны
Екінші кезектің ашылу 2013 ж. қарашасы
Үшінші кезектің ашылу 2019 ж. қарашасы

MEGA Alma-Ata — мегаполистегі ең танымал сауда орталығы және де Қазақстанда ұсынылған көптеген әлемге танымал компаниялардың бастау алатын алаңы. ZARA, New Yorker, Armani Jeans, Marc O’Polo, Monsoon Accessorize, Baldinini, Starbucks, Burger King, KFC, Hardee’s сияқты брендтер және де көптеген басқалары өздерінің Қазақстандағы алғашқы дүкендерін дәл осы жерде ашты.

MEGA Alma-Ata

Сауда-ойын-сауық орталығында эксклюзивті арт-нысандар орналасқан: қазақстандық мүсінші Эдуард Казарянның 18-метрлі «Уақыт өлшемі» фонтан-мүсіні; танымал суретші Марат Бекеевтің суреттері; Scott Lighting британдық компанияның дайындаған «Күн» шамы және 12-метрлі «Тілек ағашы» алма ағашы; әлемге танымал болған француздық суретші Фернан Леженің «Әйелдер тотықұспен» керамикалық панносы. MEGA Alma-Ata-ның үшінші қабатында «Мейрамханалар галереясы» орналасқан, ол жерде: классикалық стейк-хаус, вьетнамдық, кореялық, жапондық, италиялық және шығыс асүйлері ұсынылған. «Мейрамханалар галереясында» бес мейрамхана бар: Crudo, SADU, ASSORTI Kazan, Korean House және «ВьетКафе». Алматының тағы бір көрнекті орындарының бірі — MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы аумағындағы биіктігі 60 метрлі шолу дөңгелегі, Happylon балалар ойын-сауық парктері желісінің жобасы. Шолу дөңгелегінің құрастырушылары мен өндірушілері — Тechnical Park (Италия), аттракциондар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы.

MEGA Alma-Ata

Марапаттар:
MEGA Alma-Ata СОО —BREEAM In-Use International халықаралық сертификатын алған Қазақстандағы алғашқы сауда-ойын-сауық орталығы. BREEAM In-Use — тиімді пайдалану мен жылжымайтын мүлік нысандарына қызмет көрсету нормалары сәйкестігіне жұмыс істеп тұрған ғимараттарды бағалауға мүмкіндік туғызатын сертификациялаудың бірегей бағдарламасы. Жоба санаттар бойынша VERY GOOD бағасын алды: басқару, денсаулық пен жайлылық, су, экологиялық материалдар, энергия үнемдеуші технологиялар және басқалары. MEGA Alma-Ata СОО Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасының «Мінсіз» сапа белгісімен белгіленді.