MEGA Park
Орналасуы | Алматы қ., Мақатаев к., 127 |
Жалпы ауданы | 106 200 м² |
Коммерциялық алаңы | 47 448 м² |
Кафе және мейрамханалар | 20 |
Фудкорттағы орын саны | 1 150 орын |
Гипермаркет | 2 666 м² |
Техника және электроника дүкендері | 1 716 м² |
Балаларға арналған ойын-сауық парктері | 2 555 м² |
Кинотеатр | 3 619 м² |
Балалар тауарларының гипермаркеті | 554 м² |
«Спорттық парк» | 15 000 м² |
Паркинг | 1 266 орын (1 003 жер асты) |
Бір айдағы келушілер саны | 825 000 адам |
Ашылу күні | 2014 ж. тамызы |
2014 жылдың тамыз айында MEGA Park сауда-ойын-сауық орталығы алғашқы қонақтарын қарсы алды. Сейфуллин даңғылындағы СОО-ның ыңғайлы рналасуы — мегаполистің негізгі көлік артерияларының бірі көлік жүргізушілеріне де, жаяу жүргіншілерге де жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Концепция ТРЦ MEGA Park СОО-ның тұжырымдамасы халықаралық MB Architects француздық сәулет компаниясымен құрастырылған.
MEGA Park өзінің атауын аумақтың көгалдандырылуына байланысты алды, бұл жерде 700 жуық ағаштар мен шіліктер отырғызылды. Фильтрацияның инновациялық жүйесі мен СОО аумағында климат-бақылауының бірегей технологияларына байланысты үнемі ауасы тазаланып, алаңдарда жайлы температура ұсталып тұрады. 2016 жылдың маусым айында MEGA Park аумағында 15 мың м2 жалпы ауданы бар «Спорттық парк» ашылды.
Бұл бірегей жобаның мақсаты —ашық аспан астында спорт және демалыс дәстүрлерін жандандыру, балалар мен жастарды салауатты өмір салтына тарту, жақсы қалалық орта мен жаңа қоғамдық кеңістік құру. Бұл жерде: мини-футбол (қысқы маусымда — мұз айдыны) мен баскетболға арналған алаңдар; скейтодром және BMX-трамплиндері; Street Workout және Crossfit алаңшалары; 2−6 жастағы және 6−12 жастағы балаларға арналған балалар ойын алаңдары; француздық әткеншек; арқанды парк; скалодром; жүгіру алаңы.
Паркте күні бойы демалып, спортпен де 5000-дай адам шұғылдана алады. Жобаның жалпы құны — 427,2 млн теңге, оның ішінен 306,4 млн теңге —Mega Management және «Астана Моторс» компанияларының жеке қаражаты, ал 120,8 млн теңге — серіктестердің салымы. Жобаның іске асырылуы MEGA-ның жобаға тартқан компаниялар арқасында мүмкін болды. Жобаға қатысқан «Технодом», Asia Credit Bank, Forte Bank, Kaspi Bank, Dizzy сияқты компаниялар.