Created with Sketch. Created with Sketch.

Құпиялылық саясаты

Құпиялылық саясаты
Жеке деректерді өңдеу және жеке ақпараттың құпиялылығы саласындағы осы Саясат (бұдан әрі - Саясат) пайдаланушы MEGA СОСО желісінің кез-келген сайттарын, сервистерін, қызметтерін, бағдарламаларын және өнімдерін (бұдан әрі - Сервистер) пайдалану уақытында ол туралы, MEGA СОСО желісімен бір топқа кіретін барлық тұлғаларды қоса алғанда, MEGA СОСО желісі және/немесе оның үлестес тұлғалары алуы мүмкін барлық ақпаратқа қатысты әрекет етеді. Пайдаланушы MEGA СОСО желісінің тұлғалар тобына кіретін тұлғалардың біреуімен қатынастар аясында осы Саясатқа сәйкес берген оның жеке ақпаратты ұсынуға келісімі осы тұлғалар тобына кіретін барлық тұлғаларға тарайды.
Сервистерді тұтыну пайдаланушының осы Саясатпен және онда көрсетілген оның жеке ақпаратын өңдеу шарттарымен сөзсіз келісуін білдіреді; осы шарттармен келіспеген жағдайда пайдаланушы Сервистерді пайдаланудан тартынуы тиіс.
1. MEGA СОСО желісі алатын және өңдейтін пайдаланушылардың жеке ақпараты
A. Осы Саясат шеңберінде «пайдаланушының жеке ақпараты» ретінде мыналар түсіндіріледі:
A. Пайдаланушы Сервисте тіркелген (есептік жазбаны құру) немесе оны пайдалану барысында өзі туралы өз бетінше ұсынған, пайдаланушының жеке деректерін қоса алғанда, жеке ақпарат. Сервистерді (қызметтерді көрсету) ұсыну үшін міндетті ақпарат арнайы бөлініп көрсетілген. Өзге ақпаратты пайдаланушы өз қалауы бойынша ұсынады.
B. Сервистерді пайдалану барысында пайдаланушының құрылғысына орнатылған бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен оған автоматты түрде берілетін деректер, соның ішінде IP-мекенжай, cookie-ден ақпарат, пайдаланушы браузері (немесе Сервистерге қолжетімділік жүзеге асырылатын өзге бағдарлама) туралы ақпарат, қолжетімділік уақыты, сұралатын парақ мекенжайы.
C. Пайдаланушы туралы өзге ақпарат, егер оны жинау және/немесе ұсыну жеке Сервистердің реттеуші құжаттарында айқындалған жағдайда.
B. Осы Саясат тек MEGA СОСО желісінің Сервистеріне қолданылады. MEGA СОСО желісі пайдаланушы MEGA СОСО желісінің сайттарында қолжетімді сілтемелер бойынша өтуі мүмкін үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және олар үшін жауаптылық көтермейді. Осындай сайттарда пайдаланушыдан өзге жеке ақпарат жиналуы немесе сұралуы мүмкін, сондай-ақ өзге де әрекеттер жасалуы мүмкін.
C. MEGA СОСО желісі жалпы жағдайда пайдаланушы ұсынған жеке ақпараттың дұрыстығын тексермейді және олардың құқық қабілеттілігін бақылауды жүзеге асырмайды. Алайда MEGA СОСО желісі пайдаланушы тіркелу нысанында ұсынылған сұрақтар бойынша шынайы және жеткілікті жеке ақпаратты ұсынады деп пайымдап, бұл ақпаратты өзекті күйде сақтайды. Қате ақпараттың ұсынылу тәуекелін оны ұсынған пайдаланушы көтереді.
2. Пайдаланушылардың жеке ақпаратын жинау және өңдеудің мақсаты
. MEGA СОСО желісі тек Сервистер мен қызметтерді көрсету (пайдаланушымен келісімдерді және шарттарды орындау) үшін қажет жеке деректерді жинайды және сақтайды.
A. MEGA СОСО желісі пайдаланушының жеке ақпаратын мына мақсаттарда пайдалана алады:
. MEGA СОСО желісімен келісімдер және шарттар аясында тарапты сәйкестендіру;
A. Пайдаланушыға жекешелендірілген Сервистерді ұсыну;
B. Пайдаланушымен байланыс, соның ішінде Сервистерді пайдалануға, қызметтерді көрсетуге қатысты хабарландыруларды, сұрауларды және ақпаратты жолдау, сондай-ақ пайдаланушының өтінімдерін және сұрауларын өңдеу;
C. Сервистердің сапасын, оларды пайдалану ыңғайлылығын жақсарту, жаңа Сервистерді және қызметтерді әзірлеу;
D. Жарнамалық материалдарды таргеттеу;
E. Иесіз деректердің негізінде статистикалық және өзге де зерттеулерді жүргізу.
3. Пайдаланушының жеке ақпаратын өңдеу және оны үшінші тұлғаларға беру шарттары
. Пайдаланушы шектелмеген адамдар тобының ортақ қолжетімділігі үшін өзі туралы ақпаратты өз еркімен ұсынған жағдайды қоспағанда, пайдаланушының жеке ақпаратына қатысты оның құпиялылығы сақталады. Жеке Сервистерді (мысалы, блог) пайдаланған кезде пайдаланушы оның жеке ақпаратының белгілі бір бөлігі көпшілікке қолжетімді болатындығымен келіседі.
A. MEGA СОСО желісі пайдаланушының жеке ақпаратын үшінші тұлғаларға мына жағдайларда беруге құқылы:
. Пайдаланушы осындай әрекеттерге өз келісімін білдірді;
A. Беру пайдаланушы белгілі бір Сервисті пайдалану аясында немесе пайдаланушыға қызметті көрсету үшін қажет;
B. Беру заңнамада белгіленген процедура аясында заңнамада көзделген;
C. Осындай беру бизнесті сату немесе өзге де түрде табыстау аясында орын алады (толығымен немесе ішінара), бұл ретте сатып алушы алған жеке ақпаратқа қатысты осы Саясат шарттарын сақтау бойынша барлық міндеттемелер оған өтеді;
D. Пайдаланушы www.mega.kz сайтын пайдалану шарттарын бұзған жағдайда MEGA СОСО желісінің немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамсыздандыру мақсатында.
4. Құпиялылық Саясатын өзгерту.
. MEGA СОСО желісі осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер енгізілген жағдайда өзекті редакцияда соңғы жаңарту күні көрсетіледі. Саясаттың жаңа редакциясы оны www.mega.kz сайтында жариялау сәтінен бастап күшіне енеді, егер Саясаттың жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе. Қолданыстағы редакция әрдайым указать адрес мекенжайы бойынша орналасқан парақта көрсетіледі.
5. Кері байланыс. Сұрақтар мен ұсыныстар
. Осы Саясатқа байланысты барлық ұсыныстарды немесе сұрақтарды Пайдаланушыларды қолдау қызметіне немесе Алматы қаласы, Розыбакиев к, 247а, «Mega Center Management» АҚ үшін, мекенжайы бойынша хабарлау қажет.