Created with Sketch. Created with Sketch.

ARTиШОК Үлкен сахнаның ашылу күнін жариялады

Көрермендер 18 қазанда жаңа алаңға шақырылды. Сол күнге дейін театр барлық құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ дыбыстық және жарықтандыру жабдықтарын орнатуды аяқтауды жоспарлап отыр. Үлкен сахна #ПРЯМОПОТОЛЕБИ спекталімен ашылады. Бұл Алматы туралы ARTиШОК-тың авторлық қойылымы — ең көп сатылатын бестселлерлердің бірі.

ARTиШОК объявил дату открытия Большой сцены

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 27 сәуірінде театр командасы Гоголь көшесі, 40 мекен-жайы бойынша Панфиловшылар паркіндегі Da freak клубының орнында Үлкен сахна құрылысы туралы өз шешімін жариялады. Сол кезде жобаның негізгі бюджеті - 21 млн. теңге деп жарияланған. Кейінірек шығыстардың жаңа баптары пайда болып, жөндеу жұмыстарының құны артты.

Театрға көрермендер қауымы үлкен қолдау көрсетті. ARTиШОК театры start-time.kz краудфандинг-платформасында 4,2 млн теңге жинаған. Жоба 176 адамның жеке салымдары және CINEMAX компаниясы краудфандингке 2 млн теңге үлес қосқан арқасында мүмкін болды. 1 млн театрдағы арнайы терезе арқылы Үлкен PREVIEW сахнасы және көрермендердің жеке жарналары есебінен жиналды. 5 млн теңге театр өзінің жеке табысын дайындық құрылыс жұмыстарына жұмсады. MEGA Management компаниясы, өз кезегінде, құрылыс жұмыстары бойынша кеңесші ретінде өз үлесін қосты.

ARTиШОК объявил дату открытия Большой сцены

Анастасия Тарасова, АРТиШОК театрының басқарушы директоры: «Соңғы нәтижені қорытындылау әлі ертерек, бірақ, айтарым, бұл өте тартымды жоба, ғажайып жоба десе де болады, өйткені өнер алаңында Әртістер де, Қоғам мен Бизнес те бірігіп, барлығына маңызды жаңа нәрсе құрастыруда. Қазіргі таңда біз қызықты да, қиын кезеңді өткерудеміз. Театр бұрында болмаған даму кезеңінен өтуде. Ground zero деңгейінде 16 жыл бойы кішкентай ғана «пәтерде» тұрып, Үлкен үйге көшкенде — бұл қалыптан тыс жағдай. Жаңа орында не керек екендігін бірден білу қиын. Тұрмыста керек заттың барлығы — үтіктеу тақтасынан принтерге дейін, ыдыс жуатын және кофемашиналарға дейін барлығын екіге көбейту керек. Әрине, басынан бастап ойламаған жерден бұның барлығы қосымша шығындарды талап етеді. Үлкен сахнаның құрылысын қолдау өте маңызды және оған біз әрқашанда дайынбыз.

ARTиШОК объявил дату открытия Большой сцены

Театр маусымының өзі, қатарынан 17-шісі, сәл ертерек ашылады — 20 қыркүйекте Қонаев көшесі, 49/68 мекен-жайы бойынша орналасқан Кіші сахнада. Екі сахна да бірдей жұмыс атқарады деп жоспарлануда. Қыркүйек және қазанның толық репертуарын artishock. kz сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшалардан бақылап отыруға болады.

ТЕАТР СТРОИТ ТЕАТР жобасының қадамын #артишокужебольшой хэштегі бойынша әлеуметтік желіде және де басты ақпараттық серіктес сайтындағы Vlast. kz интернет журналынан білуге болады.