Created with Sketch. Created with Sketch.

Astana Group медицина қызметкерлеріне көмек Қорын ұйымдастырды

Сәуір айының басынан компания күнделікті түрде Қалалық клиникалық № 1 аурухана (Қалқаман) қызметкерлерін, Алматы қ. жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы және жедел шұғыл жәрдем көрсету ауруханаларының қызметкерлерін түскі аспен қамтамасыз етіп келеді. Жалпы саны 1300 адам.

Astana Group организовала Фонд помощи медицинским работникам

Ыстық тағамдар және тіскебасарлар «Иссык» мейрамханасында барлық санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен дайындалады. Барлық қызметкерлер бетпердемен және қолғаптармен жұмыс істеуде, барлық өнімдер мұқият қапталады, тамақ әзірленетін бөлмелер жиі дезраствормен зарарсыздандырылады, желдетіледі және кварцталады.

Қонақ үйдің қызметкерлерінен бөлек мұнда Astana Group, Mega Management, Astana Motors компанияларының қызметкерлері де еріктілік жұмыспен айналысуда. Оған қоса, Green Eco компаниясы түскі асты дайындауға арналған көкшөптерді ұсынды.

Бұл инициативаны біздің басқа да әріптестеріміз қолдады: азық-түлікті сатып алуға кететін қаражаттың бір бөлігі - олардың жеке салымдары. Себебі, бұл үлкен жобаның мақсаты — тек тамақтандыру ғана емес, халқымыздың денсаулығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген жандарға қолдау көрсету.

Әріптестерімізге осы инициативаға белсенді түрде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз!