Created with Sketch. Created with Sketch.

Astana Group мүмкіндігі шектеулі балаларға қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлер сыйлады

Astana Group 20 жыл бойы Алматыдағы тірек-қимыл жүйесінде ауытқуы бар балалар тұратын және оқитын № 2 тузету мектеп-интернатына қолдау көрсетіп келеді. Оқу жылы қарсаңында компания интернатқа бірнеше компьютер сыйлады. Олар үйде қашықтықтан оқу кезінде интернат тәрбиеленушілеріне қажет болады.

«Біздің оқушылардың барлық отбасында компьютер немесе ноутбук сатып алуға мүмкіндік бола бермейді. Өткен оқу жылының соңғы тоқсанында балалардың көпшілігі жеке телефондарын пайдаланып оқыды. Бұл, әрине, ыңғайсыз. Сондықтан, мұндай көмек біз үшін өте маңызды,» — дейді мектеп-интернатының директоры Бахыт Ермекова.

Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналарға қаражатты дұрыс жинау мен жұмсауға байланысты және қарызсыз өмір сүру туралы «Қарызсыз қазақ» кітаптары сатып алынды.

Көптеген жылдар бойы Astana Group компаниясы № 2 түзету мектеп-интернатының оқушыларымен достық қатынаста. Astana Group оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті, жиһаз бен арнайы тренажерлар сатып алды және балаларды экскурсияларға апару үшін Hyundai шағын автобустарын сыйға тартты. Сонымен қоса, компания қызметкерлері балаларға үнемі барып тұрады, олар үшін мерекелік және спорттық іс-шаралар ұйымдастырады. Көктемде біздің ұжым азық-түлік себеттерін жинап, интернат тәрбиеленушілерінің мұқтаж отбасыларына жеткізді.

Astana Group передала компьютеры для дистанционного обучения детей с ограниченными возможностями