Created with Sketch. Created with Sketch.

Үлкен өмірге бастар жол

Жазда Жасөспірімдер үйінің 11 жасөспірімі Astana Group компаниясының бөлімшелерінде практикадан өтті. Олар білім алды, тәжірибе жинады, компания қызметкерлерінің қатарынан жаңа таныстар мен тәлімгерлерді кездестірді, практика аяқталғаннан кейін де олармен қарым-қатынас жасауды жалғастыруда.

Дорога во взрослую жизнь

Осы жазда Слава 18-ге толды. Бұл жас өздігінен ерекше, бірақ одан да ерекшелігі - ол жұмыс орнында өзінің туған күнін алғаш рет атап өтті. Слава Жасөспірімдер үйінде тұрып жатқан достары Андрей және Светамен бірге Almaty қонақ үйінің жанындағы «Есік» мейрамханасында практикадан өтті.

Туған күнінде оны қонақ үйдің директоры Ташкин Курун бастаған жаңа әріптестері құттықтауға жиналды. Ташкин-бей жігітке оның өміріндегі алғашқы кәсіби аспаздық униформаны сыйлады, қалпағы бар — бәрі тиісті түрде. Слава жаңа униформасын киіп фотографтың алдында фотоға түсіп жатқанда: «Сені қазір-ақ GQ мұқабасына салуға болады!» — деп біз күлдік.

Дорога во взрослую жизнь

Слава аспаздық техникумда оқиды және тамақ әзірлеуді өте жақсы көреді. Әзірге мамандандығын таңдаған жоқ: «Адам өзін барлық салада сынап көргісі келеді». «Олар бізге келгенде, мұнда барлығы „Кухня“ сериалындағыдай деп ойлады. Шындығында бәрі, әрине, басқаша. Нағыз асүйде жұмыс істеу оңай емес», — деп Almaty қонақ үйінің тамақтану қызметінің бастығы Маргарита Довгань жасөспірімдердің алғашқы жұмыс күндері туралы естеліктерімен бөлісті. Бірнеше ай ішінде жастар жаңа білім мен тәжірибе ғана емес, сонымен қатар жалақы да алды — практика төленетін болды.

Дорога во взрослую жизнь

Astana Group компаниясының бөлімшелерінде Жасөспірімдер үйінің 11 жасөспірімі жазғы практикадан өтті. Біреуі Hyundai-да сату жөніндегі менеджер, біреуі Toyota Center Almaty-да механик көмекшісі болып жұмыс істеді, бірнеше адам MEGA сауда-ойын сауық орталығы желісінде — әкімшілікте және жалға алушы компанияларда өз күштерін сынап көрді. Жұмыс орны қалауына қарай және болашақ мамандығына сәйкес таңдалды: мысалы, тәрбиеленушілердің бірі, Кристина, бала кезінен қолөнер жұмыстарымен айналысып, 7-ші сыныпта дизайнер болуды шешті. Ол қазақстандық колоритпен тоқыма және аксессуарлар өндірумен айналысатын және маталарға арналған өз принттерін жасайтын Adili компаниясында тағылымдамадан өтті.

Барлық жасөспірімдер — Алматы SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері. Қазір олар бірнеше ай бұрын «Астана Моторс» компаниясы ашқан Жасөспірімдер үйінде тұрады. Жобаның бастамашысы — Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов, ол «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қорының Қамқоршылар кеңесіне кіреді. Компания қызметкерлері Жасөспірімдер үйін абаттандыруға белсенді қатысты: қаражат жинап, төсек-орын, асүй керек-жарақтары және балаларға тұрмыста қажетті басқа да заттар сатып алды. Кейбіреулері одан асып түсіп — жасөспірімдерге қамқорлық жасап, олардың тәлімгерлері болды.

«SOS Алматы балалар ауылының жасөспірімдеріне арналып ұйымдастырылған жазғы практика — олардың қалыптасуының маңызды бөлігі. Балалар қазіргі уақытта білім алып жатқан мамандықтарда өз күштерін сынап көрді. Олардың кейбіреулеріне бұл өзінің болашақ мамандығына көбірек ғашық болуға көмектесті, басқалары таңдалған мамандық - өз болашағын арнағысы келетін нәрсе емес екенін түсінді. Мұнда олар дербес, жауапты және саналы болуды үйренді. Балалар тәлімгерлерімен жақсы қарым-қатынас орната алды, олармен тіпті практика аяқталғаннан кейін де байланысы үзбеуде», — деп әңгімелеп берді «SOS Қазақстан балалар ауылы» жастар қамқорлығының жетекшісі Әлия Нұрчабаева.