Created with Sketch. Created with Sketch.

Солтүстік — Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жеткізілді

Сәуірдің 24-нен мамырдың 7-сін қоса алғанда MEGA сауда-ойын-сауық орталықтарында еліміздің бірнеше облыстарында су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арнап гуманитарлық көмек жинау бойынша науқан жүргізілді. Науқанға сауда орталығының келушілері, және де Mega Center Management, MEGA Alma-Ata, MEGA Park, MEGA Silk Way басшылары мен қызметкерлері қатысты-барлығы 800-ге жуық адам.

Гуманитарную помощь доставили в Северо-Казахстанскую область

Біз бірігіп 130 кг ұн, 190 кг макарон өнімдерін, 150 кг жарма түрлері, 80 л өсімдік майы, 50 кг қант, және де шай, кофе, шырындар, шоколад, кәмпиттер, печенье және де басқа азық түлік жинастырдық. Киім және аяқ киімнің жүздеген қорабы, балалар ойыншығымен 7 қорап, және де көрпе мен пледтер, төсек-орын жабдықтары, гигиена заттары, кеңсе тауарлары мен көптеген басқалары. Гуманитарлық көмек 380 тұрғын үй, 5000 саяжай телімдерін су басып қалған Петропавл қаласына жеткізілді, оның көбісі топан судың ортасында қалып қалған.

Зардап шеккендерге көмек қолын ұсынған әрбір адамға алғысымыз шексіз!