Created with Sketch. Created with Sketch.

MEGA Silk Way-дегі демалыс!

На каникулы в MEGA Silk Way!

Алматылық № 2 мектеп-интернаттың балаларының осы жазғы каникулдары әлі көп уақыт естерінен кетпейді! Олар Astana Group компаниясының шақыруы бойынша Астанада болып қайтты, ЭКСПО павильондарымен қыдырып, MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында уақыттарын өте жақсы өткізді.

Алматы № 2 түзету мектеп-интернатында қимыл-тірек аппараты функциясының бұзылулары бар балалар тұрады және сол жерде оқиды. Астанаға бару олар үшін ең қызықты оқиға болды. Поездан түсе сала балалар бірден ЭКСПО-ға жол тартты. Алғашқы аялдамасы — әлемдегі ең үлкен «Нұр Әлем» сфералық ғимаратында орналасқан Қазақстан павильоны. Оның диаметрі - 80 метр! Ғарыштың бас айналдырар көрінісі, ай бетінде жүруші, «Болашақ энергия музейі", 100 метр биіктіктен Астананың кең көлемді көрінісі- сфераның сегіз қабатын көріп шығу үшін балаларға екі сағат уақыт керек болды.

На каникулы в MEGA Silk Way!

Бұл кезде жас саяхатшыларды MEGA Silk Way-де күтіп отырған. Балалар Happylon отбасылық ойын-сауық паркінен бастады. Теңіз жануарлары паркінің әсерлі мекендеушілері балаларға ұмыттырмас әсер қалдырды — Дэйсон, Даня, Флори және Зель дельфиндері.

На каникулы в MEGA Silk Way!

Саяхатшылар тобы Evrikum ғажайыптар паркінде жаңа шытырман оқиғалардан өтті. Нақты ғылым әлеміне еніп, балалар физика, оптика, гравитация, акустика және механика саласында қызықты тәжірибелер жасады. Кім біледі, бәлкім, сол уақытта ұлдар мен қыздардың біреуі өз өмірін болашақ ғылымға арнауды шешкен шығар.

«Алақай, «Тачки» — менің сүйікті мультфильмім!», — деп, балалар Chaplin кинотеатрына оларды арнайы көрсетілімге шақырғанын естіп, жар салды. Шытырман мульфильмінің көрсетілімінде біраз демалған балалар Қазақстандағы ең үлкен Kango батуттық паркіне жол тартты. Парк жаттықтырушылары жаттығулар өткізіп, балаларға гимнастикалық трюктар көрсетті.

На каникулы в MEGA Silk Way!

Астанадағы екі күн көз қағымдай өтті де кетті. MEGA-дағы жаңа достармен қоштасу өкінішті-ақ, бірақ үйде Алматыда балаларды ата-аналары күтуде. Саяхатты ұйымдастырушылар балаларға естелік сыйлықтар тартты — олардың ішінде Қазақстанның тарихи орындары мен қызықты жерлері туралы энциклопедия. Ал балалар, өз тарапынан, MEGA Silk Way қызметкерлеріне қолдан жасалған бұйымдарын ұсынды.

На каникулы в MEGA Silk Way!

«Бұл балалар үшін ұмыттырмас саяхат болды, көпті көрді, көпті білді, өз көздерімен Астананы, ЭКСПО-ны көрді, және де «Мегадан» қуаныштары шексіз болды. Бұл балалардың денсаулығы мен дамуына өте маңызды», — деп мектеп директоры Бахыт Ермекова өз ойымен бөлісті.

Жобаның барлық серіктестеріне алғысымызды білдіреміз: еліктірер ойындар үшін Happylon-ға, кино әлеміне саяхатқа Chaplin Cinemas-қа, жаңа қызықтар үшін Evrikum-ға, тартымды әсер үшін Kango-ға, қызықты да пайдалы кітаптар үшін Marwin-ге, дәмді сыйлықтар үшін Hardee’s, Rumi және Пинта-ларға! Қонақ жайлылық үшін Hostelland Astana-ға және қолдау көрсеткен үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға алғысымыз шексіз.

На каникулы в MEGA Silk Way!На каникулы в MEGA Silk Way!На каникулы в MEGA Silk Way!

Сурет: Юлия Корбесс