Created with Sketch. Created with Sketch.

Бір шаңырақтың астында

«Астана Моторс» Алматыда алғашқы Жасөспірімдер үйін ашты. Бұл жерде Қазақстанның SOS Балалар ауылдарының түлектері тұратын болады. Бұл жобаға компанияның көптеген қызметкерлері белсене қатысты.

Под общим шаныраком

SOS Балалар ауылдары біздің елімізде 25 жыл бұрын пайда болды. Онда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленуде, бірақ балалар үйіне қарағанда SOS-моделі отбасылық үлгіге барынша жақын. Мұнда балалардың қамқор анасы, ағалары мен апа-қарындастары бар, олар бір үйде өсіп, қарапайым жанұядағыдай өмір сүреді.

Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов «Қазақстанның SOS Балалар ауылдары» қорының Қамқоршылар кеңесіне кіреді және оның бастамасы 16 жасында SOS ауылдарынан шығарылатын балалар үшін жасөспірімдер үйлерін құру болды.

Под общим шаныраком
Маусым айында Алматыда Жасөспірімдер үйі ашылды — бұл екі пәтер (ұлдар мен қыздар үшін бөлек), оларды жалға алу, абаттандыру және күтіп-ұстауға «Астана Моторс» ҚМК демеушілік көрсетеді. 2019 жылы компания пәтерлерді күтіп-ұстауға және балалармен тәулік бойы тұратын педагог-тәлімгерлердің жалақысын төлеуге 38 500 000 теңге бөледі. Компанияның көптеген қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, Жасөспірімдер үйінің балалары Astana Group құрамына кіретін компанияларда ақы төленетін тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ Нұрлан Смағұлов Қорға екі Hyundai Accent автокөліктерінің кілттерін тапсырды. Олар Алматы мен Нұр-Сұлтандағы Қазақстанның SOS Балалар ауылдары тәрбиеленушілерінің мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын болады.

Под общим шаныраком

Нұрлан Смағұлов: «Мен үшін біздің компанияның қызметкерлерінің шет қалмай, Жасөспірімдер үйін ашуға күш салғаны өте маңызды. Қызметкерлер жинаған қаражатқа тұрмыстық және ас үй заттары, төсек-орын жабдықтары, жамылғылар, жастықтар және тұрмыста қажетті барлық заттар сатып алынды. Бұл менің әріптестеріме дұрыс үлгі көрсететінімді білдіреді, және проблемаларға бей-жай қарамайтын адамдармен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын».


Әрқайсысы көмектесе алады

«Қазақстанның SOS Балалар ауылдары» қорына тұрақты қайырымдылықты www.sos-kazakhstan.kz сайтында немесе Qiwi төлем жүйесінің кез келген терминалында ресімдеуге болады.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының көптеген сауда орындарында қайырымдылық жинауға арналған бокстар тұр. Мұндай жәшікке ақша салу — қайырымдылық жасаудың ең қарапайым және қолжетімді мүмкіндігі.