Created with Sketch. Created with Sketch.

Astana Group қызметкерлері № 2 мектеп-интернатының оқушыларына мекенжайлық көмек жасады

Astana Group компаниясы мен № 2 мектеп-интернатын бұрыннан бері келе жатқан достық қарым-қатынас байланыстырады. 20 жыл бойы компания тірек-қимыл жүйесінде ауытқуы бар балалар оқитын интернатты қолдап келеді. Astana Group сыныптарды оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті, арнайы жиһаздар мен арнайы тренажерлар сатып алды және балалар экскурсияларға баруы үшін Hyundai екі микроавтобусын сыйлады. Компания қызметкерлері интернаттағы балаларды көруге тұрақты түрде барып тұрады, оларға мерекелік және спорттық іс-шаралар ұйымдастырады.

Мұндай қиын сын сағатта интернатта оқитын балалардың отбасылары қаржылық қиындықтарға тап болды. Осыған орай, Astana Group қызметкерлері шетте қала алмай — керекті азық-түлік себеттерін мұқтаж жандарға табыстады. Мекенжайлық көмекті 10 отбасы, өз қажеттіліктеріне сай толтырылған себеттерді алды.