Created with Sketch. Created with Sketch.

Алматыда жаңа қалалық «Спорттық парк» кеңістігі ұсынылды.

«Спорттық парктің» салтанатты ашылуында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Astana Group компаниясының президенті Нурлан Смагулов қатысты. Жобаның тұсаукесері Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күніне арналған қалалық веложарыс шеңберінде өтті.

В Алматы представили новое городское пространство - «Спортивный парк»

«Спорттық парк» жалпы алаңы 15 мың ш. м. Сейфуллин көшесінің бойында MEGA Park сауда-ойын-сауық орталығының алаңында орналасқан.

Жобаның мақсаттары — ашық аспан астында демалыс пен спорт дәстүрлерін жаңғырту, жақсы қарым-қатынасты қалалық орта мен жаңа қоғамдық кеңістік құру. Көп қызметті спорттық аумақ - бұрынғы көлік тұрағының орнындағы көпшіліктің спорт пен отбасылық демалыс «көгалы». Көгалдандыру ауданы 3 мың.ш.м. астам жерді құрайды. Паркте 450-ге жуық ағаштар мен тал-шіліктер отырғызылды.

Белсенді демалысты ұнататындарға бұл жерде скейтодром, жүгіру жолы, баскетбол, волейбол мен теннис ойнауға мультиспорттық алаңша, жіпті парк, футбол алаңы (қыста — мұз айдыны) бар. Street workout пен crossfit-пен айналысуға бөлек алаңша қарастырылған. Ең кішкентай келушілерімізге заманауи үлгіде жабдықталған екі балалар алаңы жұмыс істейді.

В Алматы представили новое городское пространство - «Спортивный парк»

В Алматы представили новое городское пространство - «Спортивный парк»

Осы жылдың шілде айында «Спорттық паркте» француздық әткеншек пен биіктігі 7 метр скалодром орнатылады. Кешен аумағында мәдени, мерекелік іс-шаралар өткізуге арналған сахна бар.

Қалалықтар мен Алматы қонақтары Angel-in-us жазғы кафе террасасында түскі ас немесе бір шыны аяқ кофені іше алады. Алматыдағы кофейнялар жүйесі ең танымал Lotte Group франшизасы болып табылады — жылдам тамақ жүйелері мен ритейл саласындағы Оңтүстік Кореяның ірі конгломераттардың біреуі.
Бүгінгі таңда әлеуметтік жобалардың іске асырылуында бизнес мемлекеттің серіктестігі ретінде маңызды рөл атқаруда. «Спорттық парк» — MEGA-ның басым жобаларының біреуі. Оның негізгі міндеті - үйреншікті қалалық кеңістігінен шығармашылықта, спортта өзін-өзі таныту үшін қарым-қатынастың бірегей аумағында түрлендірілуі. Нурлан Смагуловтың бұл ынтасын қазақстандық кәсіпкерлер қолдап, спорттық кешеннің құрылуында серіктес ретінде өздерін көрсетті.

В Алматы представили новое городское пространство - «Спортивный парк»

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Спорттық парктің» ашылу салтанатында қатысушыларға деген құттықтау сөзінде заманауи мегаполисте отбасылық демалыс үшін қоғамдық кеңістіктердің, абаттандырылған және қауіпсіз алаңдардың құрылу маңыздылығы туралы айтты.

«Құрметті алматылықтар, қымбатты біздің жастар мен спортшылар — біз бүгін веломарафондардың тамаша дәстүрін жалғастырудамыз, бірақ бүгінгі күн — ерекше. Кеше біз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнін атап өттік. Біздің елтаңба, ту және еліміздің әнұраны — біз бұлармен мақтан тұтамыз. Жарыстарда спортшылар жеңіске жеткенде, әнұранымыз орындалып, туымыз желбірегенде — Қазақстанның даңқы жайылады. Екінші үлкен шара — бұл үлкен жастар спорттық паркінің ашылуы. Бұл жерде бұрын көлік тұрағы болған, ал бүгінгі күні, Нурлан Смагуловтың арқасында және бірқатар банктердің, компаниялардың жеке қаражаттары есебінен үлкен спорттық кешен бой көтерді. Мен әрқашанда біздің қаламыз көрікті, тартымды болғанын қалаймын, сондықтан оны сүйіп, аялап өтейік, жағдайлар жасап, бір-бірімізге сыйлы қарым-қатынаста болып, қаламызға көмек көрсетейік, өйткені бұл біздің ортақ үйіміз», — деді әкім.

Astana Group президенті Нурлан Смагулов, өз тарапынан, қала басшылығына спортты, дәстүрге айналған веложарыстарды, мегаполистегі спорттық алаңдардың құрылуын қолдағанына ризашылығын білдірді, және де бизнес-қоғамдастықтарды спортқа бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғандықтары үшін атап өтті.
«Біз жақсы кезеңде тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз. Экономикалық қиындықтарға қарамастан, біз жақсылыққа сенуіміз керек. Енді қаланың осы жағында спорттық парк пайда болды. Бұның барлығы қалалықтар үшін жасалған. Өз қаламызды жақсы көрейік, өз мемлекетімізді жақсы көрейік, өзімізді сыйлайық, сонда ғана біз нағыз патриот боламыз», — деді Нурлан Смагулов.

«Спорттық парктің» ашылу салтанатында бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай қатысты. Казақстандық спортқа үлкен үлесін қосқандығы үшін Назымның мақсатқа талпынушылығы мен кәсібилігіне алғыс білдіру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі мен Astana Group чемпионға Hyundai Accent автомобилі мен MEGA Park сауда-ойын-сауық орталығында шоппинг жасауға 1 млн. теңге тапсырды. World Class фитнес-клубы Назым Қызайбайға жылдық абонемент ұсынды.

«Спорттық парк» — коммерциялық емес жоба. Алаңдардың көбісі тегін жұмыс істейді. Аттракциондар үшін төлем қызмет көрсететін персоналдың еңбек ақы қорына және техникалық қызмет көрсету үшін жұмсалады. Балалар мен спорттық алаңдардың элементтері мен жабындыларының көбісі Қазақстанда өндірілген. Паркте күні бойы 5000-ға жуық адам демалып, спортпен шұғылдана алады.

В Алматы представили новое городское пространство - «Спортивный парк»